АУЛА СЫПЫРУШЫ БҮЛДІРШІНДІ ЗОРЛАМАҚ БОЛДЫ
Алматыда балабақшадан шу шықты. Баламызды тәрбиешілер ұрып-соғады, тіпті аула сыпырушы зорламақ болды деген ата-аналар жанұшыра полицияға шағым түсірген, - деп хабарлайды Nur.kz.
Ұзақ уақыт бойы іштен тынып келген олар, балабақша басшылары мен жауапты жандар қызметінен кетсін деп отыр.
Сирек сөйлейтін кішкентай қызының шағымын естігенде ата-анасы стресс алып, намыстан жарыла жаздапты. Олардың айтуынша, көру мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 13 балабақшада мұндай сорақылықтар жаз айларынан басталған.
Сондықтан баласын сеніп тапсырған, жағдайды бақылауға алмаған тәрбиешілердің тиісті жазасын алғанын қалайды. Тіпті қызымызға аула сыпырушы емін-еркін зорлық көрсетпек болған дейді.
Nur.kz