ОДЕССА: СААКАШВИЛИ АЗ УАҚЫТТА НЕ ЖАСАДЫ?
Сергей Галецкий деген блогер Саакашвилидің нақты жетістіктерін санамалап шығыпты, соны оқырман назарына беруді жөн санадық.
1. Коломойскийдің «МАУ» атты монополоиясын қиратқан. Енді әуебилет 220 емес 80 доллар тұрады.
2. Аудандардың жаңа басшыларын әділетті түрде конкурспен тағайындаған.
3 . Өзімен бірге әкелген командасы, атап айтқанда Одессада шен алған Лордкипанидзе жоғарыға жайғасқан парақор оңбағандарды тұрақты түрде қаматуда.
4. Коломойский қойған Ильичев портының бастығы өзінің шетелдік компанияларына украин айлақтарын тегін беріп қойған шарттарын бұзумен шұғылдануда.
5. Электрон кеден құрған Яценюкпен күресуде. Ол Одессада ешкім кеден рәсімін өткізбес үшін басқа қалалардағы кедендеу бағасын арзандатып қарсыласуда.
6. Саакашвили теңіз жағасын бойлаған заңсыз дуалдарды сотпен қалпына келтіре алмастай қаулымен сүргізіп тастады.
7. Жоспарда — Еуропаға жол тарту, Одесса-Рени… тек қана кеденнен түсетін қаржы күтілуде.
8. Жоспарда — Ильичевскіде контейнер терминал салу … Қытайдан келетін тауар, Ресейді айналып өтіп 9 күнде жетпек... бұрынғыша 3-4 аптада емес.
9. Одессаға еларалық 3 әуекомпания келген, басқалары да шақырылуда... Одесса еркін порт болып жарияланды.
10. Одессада Грузиядағыдай «мөлдір офис» құрылмақ. Анықтама 15 минут ішінде алынаы. Ашылуы қазан айында.
11. Облыстық әкімшілік аппаратындағы арамтамақтар штатын 50%-ға қысқартып, 300 адамға кеміткен.
12. Әуежайдың жаңа еуротерминал құрылысы басталды, тапсыру көктемде.
13. 2015 жылы 5 қыркүйекте «Антикоррупциялық офис» ашылды, оған қайырымды еріктілер мен мамандар шақырылуда.
14. Одесса облысы бойынша жемқорлықпен күресетін «ерекше» ұшқыр топ құруда.
15. Михаилға қарсы ашық ерегескендер қызметтен кетті — прокурор Настяк, Антонюк (мемәуеқызмет бастығы), Кучук (Облыстық аппарат басшысының кеңесшісі, ұры-миллионер), кетуге аз қалғандар — Одесса облпрокурорының орынбасары — Горностаева (Шокин әйелінің қызы)…
16. Кедендік «Саакашвили-Яценюк» жанжалының арқасында бүкіл ел бойынша кедендік тарифты тегістеуге шешім қабылданды (тариф айырмасы 4,5 есеге ұлғайып, ол айырма жеке қалталарға жөнелетін).
17. 2015 жылы қараша айында жүкті қарауға және жүктерді жылдам өткізуге арналған электрон техникасы бар жаңа кеден терминалы ашылмақ. Менттер және кеденшілермен байланыс аласталуда. Электрон декларация, қаралым өткізу уақыты орташа – 15 минут.
18. Тек оның бір ғана айтқанының арқасында түнгі клубтар коллаборационис-артистердің концертін болдырмауда, ал Қауіпсіздік қызметтері Ресейдің Украинаға қатысты агрессиясын қолдаған ресейлік артистердің кіруіне тыйым салды.
19. Реформа өткізуге АҚШ-тан моральдық және материальдық қолдау алды.
20. Оның талабы бойынша Одессадағы шетелдік инвесторларға қарсы прокуратураның заңсыз да коррупциялық істері жабылды.
21. Меншік иелерінің жаңа терминалды іске қосу мерзімін бұзатын болса, Саакашвили инвесторлар жәрдемімен мүлдем жаңа әуежай салуға уәде етті. Қаладан 50 шақырым жерден... түріктің «TAV» холдинг компаниясының осындай хабты басқаруға ынтасы бар... олар Тбилиси мен Батуми әуежайларын басқару бойынша бұрыннан-ақ тәжірибесі бар.
Сергей Галецкий (Ташимов Канаттың фейс-блогынан)
Орысшадан аударған: Ерғали Cерік
Abai.kz