ӘЛЕМДІК БИЛІКТІҢ ӘЛЕГІ – жалғасы
Елге келсем тағы да кезекті «сайлау» (санынан халық та, ол да жаңылған) мерзімінен бұрын жүріп жатыр екен. «Нәтижесін «сырттағы қожайындар» шешіп қойған осынау бос «ойынға» шығындалар қаржы мүгедек, зейнеткер, студенттерге берілгені жөн», – дегендей мәлімдеме жасау ойыма келген. Алайда, олай десем, өздерін оппозиция, демократ санайтын біреулердің: «Хасен билікке сатылыпты!» деп шулары айдан анық еді.
Сонымен, әдеттегідей, НАТО елдері мен Ресей бір ауыздан қолдайтын Назарбаевты сайлау басталды. БАҚ-тарымыз Бельгиядан келген бақылаушы, Еуропа Парламентінің вице-президенті Рышард Чарнецкийдің: «По прибытии сюда я читал статьи в международных газетах, что на этих выборах в Казахстане будет небольшое число голосующих - это оказалось неправдой. Мы сами можем наблюдать огромную толпу избирателей на каждом участке, очереди. Поздравляю Казахстан с таким отношением к демократии и процессу выборов», – деген сөзін, бақылаушы ретінде келген Литва Республикасы Сеймі депутаты Гедеминас Яковонистің: «Я давно наблюдаю за Казахстаном слежу за вашей политикой. мне очень нравится, что у вас столько людей приходят голосовать», – дегенін жазыпты, дәл бір литвалық пен бельгиялық поляк КСРО кезінде биліктің қалайша халықты сайлауға 100 пайыз қатыстырғанын ұмытып қалғандай. Ресеймен дұшпандасып отырған Еуороодақтан, Литвадан келгендер мерзімінен бұрын сайлау өткізудің өзі заңсыздық екенін біле тұра Ресейдің одақтасы Н.Назарбаевқа соншама көлгірсуі де баршасы бір қожайынның қызметкерлері екенін тағы дәлелдегендей.
«Российская интеграция» тақырыбымен 22.04.2015 ж. Интернетте берілген «Штаты не отговаривали Кыргызстан от вступления в Евразийский союз» деген мақалада: «Вашингтон никогда не отговаривал Бишкек от вступления в ЕАЭС, сообщил сегодня на пресс-конференции министр иностранных дел Кыргызстана Эрлан Абдылдаев. По его словам, выбор страны также поддержали в Евросоюзе: страны Европы уважают самостоятельный выбор, который сделал Кыргызстан. "Они считают, что если Кыргызской Республике это принесет пользу, то они будут только поддерживать. При этом говорилось много о том, что сегодня нужно налаживать более тесные взаимоотношения между Евразийским экономическим союзом и ЕС. Поле очень большое", – заметил министр, слова которого передает агентство K-News.
Абдылдаев добавил, что решение Кыргызстана о вступлении в союз России, Беларуси и Казахстана также поддержал соседний Китай.
По его словам, Бишкек провел несколько раундов переговоров с США.
"Ни на одном из них мы не слышали каких-то предостережений на счет вступления [в Евразийский союз]. Китай сказал, что уважает наш выбор. Это объективный и нормальный процесс", - заключил министр» – делініпті.
Міне, 2005 жылдан бері менің «Ресей империясын әрі қарай бөлшектеу қажет» деген ұсыныстарыма АҚШ, НАТО құрамындағы елдер, Жапон, т.б. елшіліктерінің, Украинада менің «Соғыстарды тоқтату үшін Еуразиялық одақтан Қазақстанды шығару, Қырғызстанды ендірмеу қажет» дегеніме жауап бермеу себебтері – алдыдағы болар Үшінші дүниежүзілік соғыста түркістандықтар Ресей жағындағы «командада ойнап» қырылуға тиістігін «Әлемдік билік» әлдеқашан жоспарлап, шешіп қойған екен. Н.Назарбаевқа Ресейге Қазақстанды, Қырғызстанды интеграциялауына «батасын беріп» жүрген Ресейдің «жауы» – АҚШ-тың өзі екен.
Ай бұрын бір ресейлік саясатшы телеарнадан: «Үшінші дүниежүзілік соғыс басталмас бұрын Ресейге біраз территорияларды қосып алуына мүмкіндік беріледі» деп сөйлеген еді. Ол территориялар Оңтүстік Осетия, Абхазия, Қырым екен. Осы арқылы «Астыртын әлемдік билік» батыс халықтарын «Ресей қайтадан өзге елдерді жаулауға кірісті» деп шошытып, ал орыс халқын «КСРО империясының шекарасын қалпына келтіреміз» деп үміттендіріп шовинистік науқасын қоздырумен соғысқа арандатып «алтын миллиард» жоспарын орындамақ. Кеше ғана Уфадағы жиында Шанхай бірлестігіне Индия, тіпті үнемі АҚШ-тық саясат ұстанып келген Пакистан да қосылуына қарай, қырғын аймағы бұрынғы екі дүниежүзілік соғыстардан да ауқымды болмақ. Биліктің жоспарлаған қырғынына қарсы адамдарды «патриот емессің, сатқынсың, дезертирсің!» деп жазғыру, жазалаулар, ал көнбістікпен қаза болғандарды «патриот, ержүрек, батыр» деп дәріптеу тағы да басталмақ.
Р.Эпперсон кітабында 1961 жылғы «Гудзон есебінде» жазылған «соғыстың көрінбейтін функцияары» туралы: «Они явно указываются в отчете, и все эти функции имеют одну общую цель: “Война дает как древнему, так и современному обществу спорную систему стабилизации и управления национальными экономиками. Еще не был испробован никакой альтернативный метод управления сложной современной экономикой, который показал бы, что он, пусть даже отдаленно, сравним по масштабу или эффективности. Войны выполняют определенные функции, существенные для устойчивости нашего общества; до тех пор, пока для этого не созданы другие способы, военная система должна сохраняться и совершенствоваться по эффективности”.
Далее в отчете уточняется, каковы “невидимые функции” войны:
Война...является основной организующей силой в большинстве обществ. ...Возможность войны обеспечивала любому правительству чувство его внешней необходимости, без которого никакое правительство не может долго оставаться у власти.
Исторические данные обнаруживают целый ряд примеров того, как неспособность ...режима сохранять правдоподобие военной угрозы приводила к его распаду.
Война... обеспечивает анти-общественным элементам приемлемую роль в структуре общества.
Более молодые, и более опасные из этих враждебных общественных группировок контролируются Системой Избирательной Воинской Повинности.
Как средство управления... можно снова поддержать призыв на военную службу.
Уровень призыва имеет тенденцию следовать основным колебаниям уровня безработицы...
Человек уничтожает избыточных особей собственного вида организованными боевыми действиями.
Война является основной побудительной силой для развития науки...
Война является...общим социальным избавлением...для рассеяния общей скуки.
Война... дает возможность физически дряхлеющему старшему поколению сохранять свой контроль над более молодыми, уничтожая их в случае необходимости.
Превосходное резюме отчета содержится в романе Taylor Caldwell, названном «Обряд невинных». Она писала: “...в терзаемом мире не будет мира, а только череда запрограммированных и систематических войн и катастроф - пока заговорщики не достигнут своей цели: опустошенный мир, желающий подчиниться плановой Марксистской экономике и всеобщему и смиренному порабощению - во имя мира” – депті.
«Әлемдік биліктің» мынадай сұмдықтарына жұрт я сенбейді, я мұны сау адамның істер ісі емес дейді. Р.Эпперсон да: «Заговорщики успешны потому, что нравственный гражданин не может принять заключение, что существуют люди, способные на самом деле желать проведения невероятно вредоносных действий против своих сограждан», – дейді. Ал қазақта: «Алтынның буына мас болу», – деген сөз бұрыннан бар. Дүниеқоңыз қалталы жандардың өмірге сау адамның көзімен қарай алмайтындығы, психикасы бұзылатыны медицинада дәлелденген мәселе. Ал қазірде әлемдегі бүкіл мемлекеттердің басында билік пен байлықты қатар иемденгендер отыр. Бұл – бүкіл адамзатты психикасы науқас мастанғандар «басқаруда» деген сөз.
ІV. Не істеу керек?
Әрине, адамдардың бірін-бірі қанауы, соғысулары бұрыннан келе жатқан мәселе ғой дерміз. Алайда бүгінгі заман соғыстарында қолданылатын қарулар адамды қырумен шектелмей, Жер планетасының ауасын, суын, топырағын улап бүкіл тіршілікке қауіп төндіреді. Өзінің, ұрпағының тағдыры үшін адамзат бұған тоқтау қойуға міндетті.
Мен жоғарыда айтқан 2014 жылы ақпанда жазып, Адамгершіл (гуманистік) «Жаңа сана» атаған жобамда әлемдегі барша келеңсіздіктермен күресте адамзат Жаратушысы оған өзге тіршілік иелерінен ерекшелеп берген артықшылығы – Адамдық санасына сүйенуді ұсынғанмын. Қазіргі өркениет адамның емес, оның тас дәуірінде қолына ұстаған аң аулайтын келтегінің «өркениеті», сол құралы «дамытылып» бүгінде ядролық қаруға айналса, ал адамның өзі 1-2 мың жыл бұрын Сократ, Баласағұн, Абайлар сынаған деңгейден өспегенін, енді адамзат «джунгли заңымен» өмір сүруін қойып, санасын адамдығын арттыруға бұрмаса Жер планетасын өмір сүруге жарамсыз етерін, т.б. ойлар айтып, сондай-ақ «Әлемдік биліктің» қатерінен құтылар бірқатар пікірлер жазған едім. Бірнешеуін ықшамдап айтайын:
1. Әлемдегі күллі мемлекеттердің елбасыларын «Әлемдік билік» тағайындайтындықтан осы мемлекеттерге бір-бірінен еш қауіп жоқ екен. Ендеше әлемдегі барша мемлекеттердің әскерлері таратылып, тек қоғамдық тәртіпті бақылаушы полиция ғана қалуға тиіс; соғыс қаруларын шығаратын бүкіл өндіріс орындары жабылып, қаруға бөлінген қаржылар халықтың денсаулығын, мәдениетін, еңбекақысын, зейнетақысын, жәрдемақысын, студенттердің стипендиясын көтеруге, елге қажетті тұтыныс заттарын шығаратын кәсіпорындар ашуға жұмсалуы керек. Құс үркіту үшін қолдан қару жасағаны, оны біреуге бергені үшін қылмыстық жазаға тартатын заң әр мемлекетте бар. Сондықтан миллиардтаған сомаға қару жасап, өзге халықтар бірін-бірі қырсын деп сататын мемлекеттер халықаралық сотпен жауапқа тартылуға тиіс.
Халықты үрейде ұстау, әрі қырып санын азайту үшін билік қарусыздануға (демилитаризация) өз еркімен бара қоймайтындықтан мұны орындаттыруға әлемнің барлық елінде халық Антимилитаристік қозғалыстар құруды жедел бастауға тиіс;
2. Мақтаулы «батыстық» көппартиялық негізінде сайлау жүйесі мемлекетте (әсіресе посткеңестік тоталитарлық биліктің қызметкерлері ауыспай қалған елдерде) билікке халықтың бақылау орнатуын қамтамасыз етуге жарамсыздығын, керісінше, авторитарлық, диктатуралық жүйе орнауына тосқауыл бола алмайтын «иілгіштігін» көрсетті. Нәтижесінде, жүгенсіз кеткен билік халықты «Әлемдік биліктің» экономикалық бұғауына түсіріп, коррупция, әлеуметтік теңсіздік жылдан-жылға өршіп ел тәуелсіздігіне қатер төнуде. Сондықтан, жедел түрде «европалық көппартиялы сайлау» жүйесінен бас тартып, билікке халық бақылауын орнатардай өзге жүйені іздестіру қажет. (АҚШ, Европа саясатшыларының сол елдерді халық сайлаған президент, парламент емес, «Әлемдік билік», 50, 150 адам басқаруда» деген сөздері, бұл елдерде де әлгі жүйенің белсіздігін көрсетті).
Биліктің көппартиялықты, сайлауды иммитациялап оңшыл да, солшыл да ондаған партияларды өзі құрып, оппозиция етіп те ойнатқанын, ал биліктің келісімінсіз құрылған ұйымдардың ішіне жансыздарын енгізіп дау-дамай тудырып іріткені, сайлауда бәрібір «жеңілдіретіні» сан рет көзбен көрген, бастан өткізген шаруа (ҚР Орталық сайлау комитетінің басшысы З.Балиеваның бірде Парламент депутаттарына: «Не забывайте, как вы сюда попали!» дегені бар!). Сондықтан бұдан ары да «партия құру ойынын» жалғастыру – «Әлемдік» те, жергілікті биліктің де «диірменіне су құю», халықты оларға алдап беру болмақ.
Әрине, адамзат баласы бір-бірімен қырғи-қабақ соғыспай, бір орталықтан басқарылғаны да жөн шығар. Бірақ, «Әлемдік билікке» әділдігімен емес, өсімқорлықпен жиған ақшасының күшімен келген, алтынның буына мастанып психикасы науқасқа ұшыраған ауру-кеміс жандарға, адамзат тағдырын қалайша тапсырмақпыз!? Келешекте Жер бетінде 1 млрд. адам ғана қалдырып, өзгесін жоқ қылуды жоспарлауды «басқару» деп айтуға бола ма?! Олар ХХІ ғасырда да адамзатты үрейде ұстау (соғыс, терроризм, күнкөріссіз қалдыру, т.б) арқылы «басқаруды» жалғастыруын қояр емес...
Лорд Aктон: «Власть развращает; абсолютная власть развращает абсолютно», – дегендей, ашкөздігімен олар қазірдің өзінде Жер шарын экологиялық апатқа тақалтты. (Билік пен байлыққа мастанған қанаушылардың мығым болу себебі – жұрттың көпшілігі «Кез келген адам бай бола алады», деп дәметтіргенге сеніп, олармен ниеттес болудан).
Р.Эпперсон «Әлемдік биліктің» «басқаруына» балама ретінде “Библиялық христиандықты” ұсынады. Алайда, осы «Астыртын әлемдік билік» ғасырлар бойына қалыптасып, қазіргідей күшейуге Библиядағы: “Не давай в роcт брату твоему ни серебра, ни хлеба, ни чего-либо другого, что возможно отдавать в рост; иноземцу отдавай в рост, чтобы господь бог твой благословил тебя во всем, что делается руками твоими на земле, в которую ты идешь, чтобы владеть ею (Второзаконие, 23:19, 20); “И будешь господствовать над многими народами, а они над тобой господствовать не будут” (Второзаконие, 28:12); “Тогда сыновья иноземцев будут строить стены твои и цари их будут служить тебе ибо во гневе моем я поражал тебя, но в благоволении моем буду милостив к тебе. И будут отверзты врата твои, не будут затворяться ни днем, ни ночью, чтобы было приносимо к тебе достояние народов и приводимы были цари их. Ибо народы и царства, которые не захотят служить тебе, погибнут, и такие народы совершенно истребятся.” (Исаия, 60:10-12)»,– деген жолдарды басшылыққа алып, орындау арқылы жетіп отыр ғой!?
Бұған қоса, діннің де кісіні о дүниедегі қыл көпір, мүңкір-нәңкір тергеуі, тамұқ отымен қорқыту арқылы «тәрбиелемек» болуы, биліктің «үрейде ұстап басқару тәсіліне» ұқсас. Ал ислам, христиан, будда діндарлары Жаратушының бір екенін мойындай тұра, оған сыйынуда әр қайсысы өзінікін жөн деп, сол үшін ғасырлар бойына соғысуда. Тіпті, бір діннің ішінде сүннит-шейіт, католик-православный, т.б. болып бөлінудегі мақсат та халықтың бір бөлігіне билік жасау арқылы материалдық артықшылықтар көру ниетіндегі шаруа. Осы діндер пайда болған жүздеген жылдар бойғы кезең діннің адамзат қоғамындағы әділетсіздіктерге тоқтау қоя алмайтыны айқын болды. Бұл діннің адам қоғамында мүлде пайдасы жоқ деген сөз емес, тек өзге де жолдарды іздеу қажеттігін көрсетеді.
Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылған кездері ол әлемді қамтып басқаруды міндетіне алып, Жерде бейбітшілік пен әділеттілік орнайды деген үміт болған. Алайда, о баста БҰҰ құрылу мақсаты “Берлин - Рим - Токио” ұжымдастығындағы мемлекеттерді ауыздықтау болғандықтан, 1945 жылы мақсат орындалысымен, келешекте БҰҰ әлемдік ауқымда атқарар қандай да бір айқын концепция жасалынбады.
Академик Ерментай Сұлтанмұрат өзінің «Әлемді трансформациялау» атты жобасында әр елдің халқы өзі «Халықтық Конституция» жасап, оның мүлтіксіз орындалуын жаңарған БҰҰ қадағалауға тиіс деген ой айтады. Иә, «жаңартылған» БҰҰ халық санын соғыспен қырып азайтпай, өркениетті түрде – әр мемлекеттің ресурсына сәйкес туу көлемін белгілеп, қадағалау, т.б. арқылы реттеуіне болар еді.
Бірақ, қазіргі БҰҰ-да әр мемлекеттен кім өкіл болатынын «Әлемдік билік» тағайындаған елбасылар шешіп отырғандықтан, мұндай БҰҰ сол «Әлемдік билікке» жұмыс істейді. Сондай-ақ, әлгіндей елбасылар «Халықтық Конституция» жасалуына, халық билікке дәл қазіргідей толық тәуелді жағдайда, жол бере қоймайды. Ол үшін
«европалық көппартиялы сайлау» жүйесінен бас тартып, билікке халық бақылауын орнатардай механизмі бар өзге жүйені іздестіру қажет.
Осыған орай «Азат» қозғалысының Батыс Қазақстан бөлімінің төрағасы Аманжол Зинуллиннің «Қассақ» («Тек қана осы жолмен») жобасы назар аудартады. Ол Қазақстан Парламентінің сенаты Президент немесе оның қалта-парламенті тағайындаған депутаттардан емес, қазақтың әр руы өз ортасында таңдаған ең арлы, әділетті деген азаматтарынан құрылса, ал Мәжіліс көппартиялық негізде сайланса деген пікір айтады. (Бұл туралы «Жұмадағы жүздесу» газетінің 21-28.05.2010 ж. санынан, сондай-ақ Н.Әміреқұловтың "Очерки теории степного государства" еңбегінен (www.zonakz.net) оқи аласыздар).
У.Черчилл: «Демократиялық жүйенің кемшіліктері бар, бірақ адамзат одан артық жүйені әлі ойлап тапқан жоқ»,– дегенде, ол әрине, ғасырлар бойына хан билігін тежеп ұстай білген қазақтың «Билер Кеңесі» жүйесінің болғанын білмегені анық. Ал қазақтың билері ханның тізімімен емес, көп жылдар бойғы өзінің турашыл, әділдігімен халық сынынан өтіп қана «Кеңеске» енетін еді. Билердің хан алдында тайсалмай сөйлеуінің негізгі сыры – артында қолдаушы руы, өзін-өзі қамтамасыз ететін шаруашылығы (экономикасы) тұрғандықтан. Ал қазіргі «батыстық» жүйемен құрылған Парламент депутаттарында мұндай тірек жоқ әрі биліктің тағайындауымен «сайланатындықтан» олардан қоғамның шынайы жағдайын айтардай батылдық күту бекершілік. Бүгін, тоталитарлық КСРО-лық та, нәтижесі адамзатты чиптендіруге әкелген «батыстық демократиялық» та сайлаулардан түңілген, авторитарлық, диктаторлық жеке басқа табындырар билікке тоқтау қояр өзге механизм қалмаған шақта, шынымен де, неге Сенатты (я парламентті) әр қазақ руы: «Осы халыққа адал қызмет қылады, мүлікке сатылып ру намысына нұқсан келтірмейді» деп, өз ортасында таңдаған «тура биілерден» құрмасқа? (Бұл – әр диаспора өкілі отырған қазіргі «Халықтар ассамблеясына» келеді). Әр рудың таңдаулы өкілінен тұрар мұндай Сенат (парламент) өз тегін ұмытып сүреңсіз тобырға айналған елдер құра алмас, ал тектік жады әлі жойыла қоймаған қазақ, қырғыз, түркімен, т.б. халықтардың қолға алуына әлі де кеш емес.
«Ойбай, рулықты жандандырсақ қазақ ұлт ретінде бөлшектеніп кетеді!» – деушілер табылар. Қазақ атанып мемлекет құрғанымызға 550 жыл толса, соның 450 жылында (КСРО-ға дейін) рулық жүйемізді ұстанып «бөлінбей-ақ» келдік емес пе?! Нағыз бөлшектеніп пышырау деп қазіргі, бір отбасынан шыққан екі ағайынды кісілер бір-біріне қарайласуға халі жоқ дәл осы кезді айтуға болады. Бүкіл тірлігі биліктің бақылауына түскен халқымыз «еркін» дегенді білдіретін «қазақ» атауының мағынасына сәйкес өмір кешуден қалғалы қашан. Сондықтан рулық жүйені жаңғырту «бөлшектену» емес – тексіз тобырға айналдырып бөлшектеуге қарсы қазақтың төменнен бастап қайта біріктіруге кірісуі болмақ. Қазақтай, баршасы түрк руларынан құрылған халық та емес, әртүрлі этностардан бола тұра Ауғанстан халқының ағылшын, орыс, АҚШ жаулаушыларына қарсы тұра білуі – өзін-өзі басқару мүмкіндігіне ие рулардың одағынан тұратын мемлекеттің пәрменділігін көрсетсе керек.
Мыңдаған жылдар бойына түрк руларының ұйысуымен талай мемлекет құруымызды қамтамасыз етіп келген дәстүрлі ұлттық-демократиялық механизмімізді бір ғасыр бұрын отырықшылдар бұзғандағы мақсаты – халқымызды тегін білмес, бас біріктіре алмас тобырға айналдырып билеу болғаны әшкереленіп отыр. «Олар сөйтті» деп, Кеңес үкіметі кезінен басталған жалған-шыны белгісіз «трайбализм-рушылдықты» (шын мәнінде өз ата-бабамыздың аттары мен ел болу, мемлекет құру жүйесін) жамандауды жалғастыру – отаршылдар ойын жүзеге асыруға қызмет ету болмақ.
1992 жылдан бері жер-жерде қазақ рулары құрылтайлар өткізіп рубасыларын («президент» деп атап) сайлауы, том-том шежірелерін шығаруы еріккеннен емес, күндердің күні жат елдік жүйелердің кризиске тірелетінін тәңірі сездіргеннен болар!? Ендеше мемлекет құрудың дәстүрлі жолын бүгінгі заманға икемдеп пайдалануды ойластырған жөн. Сол, құрылтайлар өткізген рулардың Президенттеріне әр аудан, ауылдардан белгілеген көмекшілер жүйесі арқылы бұл жұмысты (Сенатқы, жергілікті Мәслихаттарға өкілдерін таңдауды) тап бүгіннен бастап кетсе болады. Міне, осындай, халық өзі, үкіметтің араласуынсыз, өз ортасынан таңдап Парламентке жіберген өкілін (делегирование), егер міндетін дұрыс атқармаған жағдайда кері шақырта да алатын болады. Ал «өзі сайлаған» президентке, депутатқа импичмент жасай алмайтын бүгінгі халық жағдайы – тормозы да, рулі де істемейтін көлікпен құлдырап келе жатқан бақытсыздай.
3. Әлемдік және жергілікті биліктердің экономикалық бұғауынан құтылар жол – халық өзін-өзі басқаруға (самоуправление) көшіп, үкіметтің өз тіршілігіне жаппай бақылау жасауын мейлінше азайту. Кезінде Алашордашылар большевиктерге: «Қазақ қоғамында тап күресі жоқ» деп, рулас туыстарымен өзін-өзі басқарып, әлеуметтік мәселелерін де шешіп отырған елді «коллективтендіреміз» деп мүлкін алуды, партияларға бөліп бір шаңырақтағы аға мен ініні қарама-қарсы қоюды қолдамаған.
РФ президенті В.В.Путин халықаралық дискуссиялық «Валдай» клубының конференциясында: «Мировая система «сдержек и противовесов», сложившаяся в годы холодной войны, разрушена при активном участии США, однако доминирование одного центра силы привело только к растущему хаосу в международных отношениях»,– деді. Егер қандайда бір жеке мемлекет әлемдік системаның ықшам моделі болып табылады десек, ондағы «бір орталық күштің» (үкіметтің, диктатордың) басымшылығы да қоғамда күйзелістің өсіп-өршуіне әкелетінін көрсетіп отыр. Бұл туралы АҚШ Конституциясын жазушылардың, алғашқы президенттерінің бірі Томас Джефферсон: “Наилучшим правительством является наименее управляющее”, – деген ғой.
Сондықтан, билікті халық бақылауында ұстаудың, халықтың биліктен мейлінше экономикалық тәуелсіз болуы, өзін-өзі басқаруы формаларын көпшілік болып ойластыруымыз қажет Мысалы ресейлік Г.Попов «Альтернатива из ХХ-века» атты мақаласында («Время искать альтернативы» тарауы): «Н.И.Махно сумел разработать развернутую альтернативу большевизму. Всеобщему огосударствлению военного коммунизма Ленина и национализации всей земли Махно противопоставил собственность трудящихся... Махно выдвинул анархо-коммунистическую идею общества как «вольной федерации самоуправляемых коммун» – без классовых и национальных различий», – деп жазады.
Өзін-өзі басқару түрін Дон, Запорожье, Жайық казактарындағы өз атаманын үкіметтің араласуынсыз сайлауы, шаруашылықтарын жүргізу жолдары, т.б істерінен таба аламыз. Столыпин реформасына дейінгі орыс шаруаларының «общинасы» ауыл шаруашылығында жараса, ал батыс мемлекеттеріндегі муниципалдық басқару өндіріс орындары бар қалаларда қолдануға келеді.
Мәскеу түбіндегі бірнеше ауыл 2013 жылы-ақ өзін-өзі басқаруға көшіпті. Бұл туралы «Жители Домодедова провозгласили республику» деген мақалада («Ведомости», 22.08.2013): «Инициативная группа жителей Домодедова объявила о создании Русской демократической республики на территории городского округа и обратилась к Евросоюзу с призывом признать их право на самоопределение. Как пишут «Ведомости», пока они не собираются выходить из состава РФ, но планируют добиваться признания особого статуса. Так, в обращении говорится, что власти нарушили принципы демократического общества, «проигнорировав результаты референдума 2007 года, когда почти 100% жителей Домодедова проголосовали против строительства платной дороги в черте округа», и в 2009 года строительство началось и поселок Матвеевка оказался «под угрозой сноса. Жители Шебанцева пожаловались на давление «коррумпированных чиновников»: они лишены водоснабжения, потому что местные власти «продали деревенскую водонапорную башню в частные руки. Жители деревни Данилово недовольны, что «давно уже лишены возможности свободно посещать лес, собирать грибы, пересекать поля и купаться в озере, так как все принадлежит олигархам».
Инициативная группа требует переноса платной дороги за пределы округа и соблюдения их права собственности, а также признания их права на самоопределение в связи с игнорированием российскими властями их волеизъявления. Они будут добиваться соблюдения приоритетного права местных жителей на управление своей территорией», – деп жазылған.
Бүгінде қазақ оқығандары 1928-29 жылдардағы сталиндік коллективтендіру қазақтың дәстүрлі өзін-өзі экономикалық қамтамасыз ету жүйесін жойып халықты зор апаттарға ұшыратқанын жиі айтады. Ал сол, Сталин қиратқан жүйемізді заманға икемдей отырып қалпына келтіруге қазір кім бөгет?
Халықтың өзін-өзі басқару үлгілері ретінде АҚШ-тағы мормондар, гуттериттер, Алтайдағы «рерихшілдер», Израильдегі, Индиядағы қауымдастықтардың да басқару және экономикалық қамтамасыз етілуі жолдарын зерттеп, пайдалануға болады.
4. Халықтың өзін-өзі заңдық тұрғыда басқаруының қазаққа тән формасы – билер институты. Ешкім тағайындамайтын, сайламайтын билер халық ішінен шығып, өзінің турашылдығымен беделге ие болған. Тіпті, Ресей отарында да 1917 жылға дейін үкімет соттары тек мемлекеттік қылмыстарды қарап, ал қазақ ішіндегі дау-дамайда халық билерге жүгініп келген. Қазір екі адам төбелессе, малы ұрланса да үкімет органдары тергеп, екі жақтан да пара сорып жұтатады, бермесе – түрмелерді толтырады. Посткеңестік елдерде жазалаудың сталиндік жүйесі әлі де сақталынғандықтан сотталғандар санынан алдыңғы қатардамыз. Түрмеге қамалушылар санын азайту, тәртіп сақтау органдарындағы қоррупцияны тыйудың пәрменді жолы оларға балама – халықтың мемлекетке қатысы жоқ қылмыстарда «билерге жүгінуі» дәстүрін қалпына келтіру. (Мысалы, Алматы облысы Қаскелең қаласы тұрғыны Асылхан А. 16 жыл бой Шапырашты руының биі болып жұмыс жүргізіп келеді). Билер соты қазақ елінде туа біткен, теңдесі жоқ ерекше құбылыс, тарихта «сот билігінің алтын ғасыры» деп баға берілгенін мойындаған қазіргі үкіметіміз «Дәстүрлі сот билігінің қазіргі таңдағы рөлі», т.с.с. тақырыптарда ғылыми жиындар өткізуде. Алайда, бұл үшін, билерді үкімет тағайындамай, өз дарынымен халық ортасынын шығуына бөгет жасалмауға, сондай-ақ, әділдігімен танылған биге (сотқа) сол ауданның ғана тұрғыны жүгіне алады деген тәртіп күшін жоюға тиіс.
5. Кешелері КСРО, Куба, т.б. елдерде бүкіл халықты (тотальный социализм) күштеп социалист етті. Ал бүгін билік жаппай (тотальный) капиталист болыңдар деп, барша халықтың жағдайы, мінезімен санаспауда. (КСРО кезінде билікте отырып жымқырғандар болмаса, қарапайым көпшілікте капитал қайдан болсын?!). Мұндай «бұйрықпен» социализм, капитализм орнатпақ болу халық наразылығын тудыратыны дәлелденген жай. Ендеше неге бір мемлекеттің ішінде осы екі түрлі жүйенің де белгілері бар жоба жасамасқа!?
Егер әр адам өзін-өзі қорғауға басқалармен бірдей құқықты болса, онда әр адамда өзгелермен бірлесіп ортақ қатерден қорғану құқығы да болмақ. Сондықтан «Өзім ешкімді қанамаймын және өзімді ешкімнің қанауына жол бермеймін!» деген ұстанымдағы адамдар (үкіметтен өзіне тиесілі жер телімін, қазба байлықты сатудан түсетін, т.б. үлесін алып) өзін-өзі басқаратын қауымдарға бірігуге тиіс. Адамгершілік, қанағаттық идеясын ұстанған мұндай қауымдастықта әр адам өзі үшін аптасына неше күн, күніне неше сағат жұмыс істеймін десе ерікті, ал бәсекеге түсіп, «миллионер болмақ» кісіге қауымнан шығуына жол ашық болуы керек. Осылай ғана ежелден келе жатқан – адамның бірін-бірі қанауы, күштеуі тыйылмақ.
Өмірге тек біржақты материалдық пайдакүнемдікпен қарамайтын, өзін-өзі басқаратын қауымдастықтар құрылғанда ғана бұрын-соңды қоғамды зерттеуші ойшылдар жасаған жобалар (мысалы: әл-Фарабидің «Әділетті қала», Кампанелланың «Күн қала», Е.Сұлтанмұраттың «Әлемді трансформациялау», С.Ғаббасовтың «Ұрпақ тәрбиесінің жаңа ілімі», ҚазҰТУ ұстаздары С.Әденов, Қ.Котошева, Қ.Нұрғалиевтың «Ұлт және мемлекеттік билік түрлері», М.Әуелбайдың «Алтын ғасыр», т.б. адамгершілік іліміне қатысты еңбектер) іске асырылмақ
Сонымен, әлемдегі орын алып отырған келеңсіздіктен құтылу үшін «Астыртын әлемдік билік» пен жергілікті биліктердің «ойындарына» қосылмай, олардың ісіне керісінше әрекеттер жасалуы керек екен: билік авторитаризм, диктатура арқылы қоғамды уысында ұстамаққа жанын салса, ал халық өзін-өзі басқару жолын таңдауы; билік дүниеқоңыздықты мадақтаса – халық адамгершілікті, қанағатшылдықты уағыздауы; билік халықты ұлтын, тегін ұмыттырып сүрең тобырға айналдыруға күш салса – халық өз тарихын, тамырын білу арқылы тектілік жадын сақтауға ұмтылуға тиіс.
Ата-бабаларымыз Ақордадан бөлініп «қазақ» (еркін, бостан) атанғанына биыл 550 жыл толып отырғанда «Астыртын әлемдік биліктің» адамзатты жаппай чиптеуіне, соғыстарымен Жер шарына қауіп төндіруіне балама етіп халық өзін-өзі басқаратын «Адамгершіл» бағдарламамызды ұсынуымыз және іске асыруға кірісуіміз – халқымыздың мінезінің әлі де «Қазақ» атына сай екенін әлем жұртшылығына дәлелдемек. Бүгінгі, алмағайып кезеңде елімізді құрдымға құлаудан құтқаруды 550 жыл бұрын Қазақ мемлекетін құрған шығыс түрк (қазақ) рулары ұлттық дәстүрлі жүйемізді қолданып қайтадан өз қолына алып, нығайтуға міндетті. Осы істің маңыздылығын түсіне біліп, Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың өзі жеделдетіп халықты жұмылдырар болса құба-құп.
Мақала тақырыбы «Астыртын әлемдік биліктің» бар-жоғын зерттеу болғандықтан, мен Адамгершіл «Жаңа сана» жобасындағы халықтың өзін-өзі басқаруы мәселесі жайында жалпылама ой тастадым. Мемлекетте авторитарлықтан ада билік жүйесі қандай болмақ, қауымдастықтар ішіндегі экономикалық тетіктер, т.б. туралы ретіне қарай тағы айтармыз.
Оқырмандарда халықтың өзін-өзі басқаруына, биліктің тотальды бақылауын бәсеңдетуіне қатысты пікірлер болса нақты, қысқаша жазып менің 3825761@mail.ru поштама я: 050060, Алматы. Гагарин даңғ. 181, 20. мекеніне хатпен жіберуге болады.
Хасен Қожа-Түрк (Қожа-Ахмет). 10.07. 2015.
(соңы. Басы мына сілтемелерде: http://abai.kz/post/view?id=4576, http://abai.kz/post/view?id=4595)
Abai.kz