Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3696 0 пікір 9 Қыркүйек, 2015 сағат 10:18

АРДЫ САҚТАЙЫҚ!

Барлық Бұқаралық  Ақпарат  құралдарының басшыларына! Ұлт  Руханиятының өсіп-өркендеуіне  бейжай  қарамайтын барлық азаматтарға, Алматы  шаһарының  тұрғындарына!

                                        Құрметті   ағайындар!

2015 жылдың  23-ші  қыркүйегі күні  Алматы қаласының  «Демократия үйінде» сағат 15.00 де «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық әлеуметтік -мәдени қозғалысы «Арды сақтайық!» атты  жиналыс  өткізеді.  Жиынның мақсаты: рухани-адамгершілік тәрбиеге  барынша  мол  көңіл бөлу,  Арды жоғары  ұстап,  намысты таптатпау,  жастар арасындағы   белең алып  бара  жатқан  келеңсіз   жәйіттерге, «жат құбылыстарға» жол бермеу жолдарын  талқылау.  Бұл  жиналысқа қырандар  қозғалысы  қоғам,  ұлт белсенділері мен  қатар   мәдениет қайраткерлерін,  зиялы  қауым  өкілдерін,  жазушы, журналистерді және  Алматы  қаласының жастарын  шақырады.  Келем  деушілерге  есік  ашық.

Жиналысқа  қатысуға  ниеттенген азаматтарды  мына  адрестер  арқылы аккредитациядан   өтуін  сұраймыз.

Шолпан Бостанқызы:  87771274590.  8 7272 .......

Айдын  Егеубаев: 87015536948. 87172347437.  еmail: nurali-tur777@mail.ru

«Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық әлеуметтік   -мәдени қозғалысы. 

  «Ел бірлігі» одағы     

                                             БАҒДАРЛАМА

 

  1. Жиналыстың   тақырыбы : «Арды  сақтайық!»
  2. Ұйымдастырушысы:  «Ұлы  Дала   Қырандары» республикалық  қоғамдық   әлеуметтік-мәдени  қозғалысы.

«Ел бірлігі» одағы.

  1. Өтетін күні: 2015 жылдың 23   қыркүйегінде.
  2. Басталуы:   күндізгі сағат  15.00-де.
  3. Өтетін  жері:  Алматы  қаласы,  Қарасай батыр көшесі-85. Сейфуллин   көшесінің  қиылысы.
  4.  Кімдер  қатысады: «Ұлы  Дала   Қырандары» республикалық  қоғамдық   әлеуметтік-мәдени  қозғалысының  бастамалары мен  атқарып  жатқан  сан-алуан   жұмыстарын  қолдайтын барлық  ағайындар мен   ұлттық интеллигенция  өкілдері,   қоғам  қайраткерлері,  ғалымдар,   ақындар,  жазушылар,  журналистер, мемлекет  қызметкерлері, Алматы  қаласының азаматтары  мен жастар өкілдері   қатысады.
  5. «Арды сақтайық» атты  Үндеу  қабылданады.

Абай-ақпарат    

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406