НАЗАРБАЕВ ЖАНАРМАЙ ЖАЙЛЫ ПІКІРІН БІЛДІРДІ
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысындағы іссапарында БАҚ өкілдеріне бензин бағасының көтерілуіне қатысты пікірін білдірді. Бұл туралы Тengrinews.kz хабарлады.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: "Егер адам 100 мың долларға жол талғамайтын көлік сатып ала алса, онда жанармайды да дұрыс құйсын" деген.
"АИ-92-95 бензинінің 30 пайызын біз Ресейден сатып аламыз. Егер біз олай жасамасақ, бізде бір айдан кейін бензин мүлде болмайтын еді", - деді Мемлекет басшысы өз сөзінде.
"Бұл экономика заңдары.Оған ештеңе істей алмайсың. Біз ортақ (экономикалық) кеңістіктеміз: кеден жоқ, шекара ашық. Сондықтан шара қолданып, барлығына түсіністікпен қарауға тура келеді. Егер адам 100 мың долларға жол талғамайтын көлік сатып ала алса, онда жанармайды да дұрыс құйсын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар, ҚР энергетика министрі Владимир Школьник Қазақстанда АИ-92/93 маркалы бензин бағасының 140-150 теңгеге жетуі мүмкін екенін хабарлады.
Абай-ақпарат