КАРИМОВ ЕЛ БИЛІГІН КІМГЕ ТАПСЫРАТЫНЫН АЙТТЫ
Осы жылдың сәуір айында Өзбекстан президенті Ислам Каримов «Көксарайда» (Дурмень) өткен өзбек шенеуніктерінің шағын жиынында өзінің саяси мұрагерін жариялаған, – деп хабарлайды tribunakz.com сайты.
Ислам Каримовтің бұл шешімін алғаш болып Рустам Иноятов, Адхам Ахмедбаев, Шавкат Мирзияев және Рустам Азимов сынды шенділер естіген.
Ислам Каримов кез-келген адам ерте ме, кеш пе қартаятынын, мүмкіндігі шектелетінін айта келіп: «Мен бұл заңдылыққа қарсы тұра алмаймын. Сондықтан мұндай жағдайға дұрыс баға беріп, өзіме жағымсыз болса да дұрыс шешім қабылдауым керек», – деген.
Ол алдағы бес жылда, яғни келесі президенттік сайлауда өз орнын анағұрлым жас, күш-жігері қайтпаған адамға беретінін айта келіп: «Мен президенттік орынға лайық деп тапқан адам Сіздердің де көңілдеріңізден шығады деп ойлаймын», – деген.
«Менің ойымша президентіктің мерзімім аяқталғанға дейін Лоланы біртіндеп осы миссияға дайындай беру керек. Бұған Сіздер қарсы бола қоймассыздар», – деген өзбек президенті өзінің кіші қызының атын атап.
Лола Каримова – Өзбек президенті Ислам Каримовтың кіші қызы. Ал, Ислам ака мен үлкен қызы Гүлнар Каримованың арасы жақсы емес.
Абай-ақпарат