Жексенбі, 8 Маусым 2025
Жаңалықтар 4685 0 пікір 4 Қыркүйек, 2015 сағат 11:41

БАЙБЕК «НҰР ОТАНҒА» ОРАЛДЫ

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалын басқаратын болды, – деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

«Нұр Отан» партиясы филиалының кезекті есеп беру конференциясында партия филиалының төрағасы болып Алматы қаласының әкімі тағайындалды», - делінген аталған баспасөз мәлімдемесінде. Алматы қаласының әкімі бұл лауазымын қоғамдық негізде атқаратын болады.

Абай-ақпарат

0 пікір