Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
46 - сөз 7896 0 пікір 31 Тамыз, 2015 сағат 18:26

ЗАПОРОЖЬЕ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС АЛАҢЫНА ЕРЕКШЕ ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ

Бейбіт өмір сүріп жатқан адам үшін  “түннен түгел шығайық” деген тіркестің аса мәні болмауы мүмкін. Ал  Украинаның  шығысындағы миллиондаған тұрғын осы тілекпен көз шырымын алады. Донбасс өңіріндегі дүрбелең әлі де саябыр таппай тұрған кез.  Украина қауіпсіздік комитетінің соңғы статистикалық мәліметі бойынша іргедегі ірі көршісі - орыс солдаттарымен соғысуға Украинаның екі жүз мыңнан астам әскері жұмылдырылған екен. Бүгінгі күнге дейін ресми мәлімет Украина тарапынан екі мыңға жуық сарбаздың жер жастанғанын айтады. Екі ел арасында ақпараттық майдан да қызып тұр.  Ал 25 тамыз - Украинаның Тәуелсіздік күні қарсаңында "ерекше" ескерткіш орнатылды.

Запорожье қаласының бас алаңына жайғасқан тас мүсін  - «Орыс әлемі» және сол «әлемді» қорғаймын деп әлекке түскен «әпендіге» арналған. Қаланың қарапайым тұрғыны, идея авторы Максим Дрозденко: «Ескерткіш арқылы есі ауысқан басшының бүгінгі  «болмысын» көрсеткім келді»,- дегенді айтады. Бұл бір мысал ғана. Күннен күнге Киев қана емес, қарапайым тұрғындардың да бауырлас елге қабағы қатуланып келеді.  Украина көшелерінен “Ит үреді, керуен көшеді”,-дейтін ұран сөздерді жиі көруге болады.

Ал Киев қаласының бас алаңынан “сол кісінің” сұлбасы бейнеленген дәретхана қағазын да сатып алу еш қиын емес. Осылайша әрбір украиндық өзінің ішкі қарсылығын білдіріп жатыр.

 

Назгүл Нұрланова, «Қамшы» порталының Киевтегі арнайы тілшісі

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036