Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Қарбалас 8200 0 пікір 31 Тамыз, 2015 сағат 12:19

ЕЛБАСЫ – КИНОСЦЕНАРИСТ

Қазақ хандығының тарихын әйгілейтін сериалдың авторлары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарапынан  сценарийдің жаңа нұсқасын жазуға тапсырма алды. 16 желтоқсанға дейін түсіріліп бітуге тиіс фильмнің жалпы нобайымен танысып шыққан Президенттің сериал авторларына ескерту жасағаны туралы Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасай отырып, ҚазАқпарат тілшісі хабаралды.

«Қазақ Елі» тарихи сериалының түсірілімі жайында айтатын болсақ, қазіргі кезде мемлекет басшысының түзетулерін ескере отырып, фильмнің авторлары сценарийдің жаңа нұсқасын құрды. Жобаның қойылымы қиын және оны жүзеге асыру үшін ауқымды жұмыстар атқарылатын болады», – дейді министрліктің мәлімдемесінде.

Бұл тұрғыда декорациялық, павильондық, интерьерлік және экстерьерлік нысандарды жасау қарастырылған. Оның ішінде Сығанақ, Созақ қамалдарын, Алмалық қаласын, хандардың сарайлары мен өзге де түсірілім нысандарын, киімдерді тігу, қажетті бұйымдар мен  ат әбзелдерін даярлау, қару-жарақ, компьютерлік графиканы әзірлеу және басқа да шараларды іске асыру жұмыстары бар.

Естеріңзге сала кетейік,  «Қазақ Елі» туындысының режиссері – Рүстем Әбдiрашев. Режиссер өткеннен бері фильмге бөлінген қаражаттың жетпейтіні жөнінде айтып жүр.

«Қазақ Елі» фильмі РФ Президенті Путиннің: «Қазақтарда бұрын соңды мемлекет болған емес», - деген сыңайда айтқан сөзіне жауап ретінде түсірілмек-мыс. Ұзынқұлақ осылай дейді. Осы ретте бері дегенде 5 ғасырды қамтитын дәуірді бір жылда таспаға тартып, кино туынды жасауға ұмтылған қазақ режиссерлерінің тәуекелін, әрине, жанкештілік деуге болатын шығар. Алайда, он екіде бір нұсқасы жоқ фильм орта жолға жетпей сценарийлік түзетуге ұшырады. Өйткені ол Елбасының көңілінен шықпайтын сияқты. Сөйтіп,  бүгінгі Қазақстан қоғамының бас режиссері, сәулетшісі, сценарийсті – Нұрсұлтан Назарбаев енді амалдың жоқтығынан киносценарийге де араласып жатыр.

Abai.kz  

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036