Кедендік одақ үш мемлекеттің экономикасы үшін тиімді – Мәсімов
Санкт-Петербор. 21 мамыр. ҚазТАГ - Айгүл Түлекбаева. ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Кедендік одақ (КО) үш мемлекеттің экономикасы үшін тиімді екеніне сенімді.
«Мен қазір Кедендік одақты талқылау әр түрлі пікір тудырып жатыр деп ойлаймын. Қазақстанның өзінде де бұған әр түрлі көзқарас бар, бірақ мен түптеп келгенде бұл үш елдің экономикасына, кәсіпкерлеріне тиімді екеніне сенімдімін», - деді К. Мәсімов жұма күні КО-ның жоғарғы орган отырысында.
Ол осының қарсаңында ғана жұмыс сапарымен Беларусияда болғанын еске салды, және өзінің беларусьтық әріптесі Сергей Сидоркинмен «Кедендік одақты құру арқасында ҚР мен Беларусь арасындағы тауар айналымы биылғы жылы алғашқы үш айда 50%-ға артқанын» атап өтті.
РФ үкімет төрағасы Владимир Путиннің айтуынша, Кедендік одақ «тамаша бастау алды». «Оның барлық негізгі тетіктері жұмыс істейді. Және жақсы жұмыс істеуде. Дегенмен, әрине, мұндай ауқымды жобаны осыншама қысқа мерзімде іске асыру оңай емес», - деді ол.
Сонымен қатар ол ең күрделі деген жағдайда үш мемлекет өзара тиімді шешім қабылдап отырғанын мойындады. Қазір ҚР, РФ мен РБ үкімет басшылары тауарларды экспорттау мен импорттауда жанама салық алу принциптері, КО-да қызмет көрсету т.б. бірқатар келісімшарттарды қарастырып жатыр.

«Жалпы айтқанда барлығы 18 келісім жобасын әзірлеп, оның ішінде - 8-ін қазірдің өзінде КО комиссиясы мақұлдап отыр», - деп тұжырымдады В. Путин.
Одан ары отырыс жабық есік жағдайында жалғасты.