Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2621 0 пікір 21 Мамыр, 2010 сағат 13:35

Софья Сәрсенова деген біреу Нұрбанктің 73,06% -на ие болды

Алматы. 21 мамыр. ҚазТАГ - Софья Сәрсенова Нұрбанктің қарапайым акцияларының 73,06% -на ие болды. Дариға Назарбаева мен оның ұлы Нұрәлі Әлиев банктің акционерлер қатарынан шықты. Банк баспасөз қызметі жұма күні осындай ақпарат таратты.

Банк акция иелерінің реестрінен алынған ақпарат бойынша Софья Сәрсенованың иелігенде жалпы орналастырылған 3177093 дана қарапайым акциялардың 2321241 акциясы бар. Одан басқа ол банктің артықшылықтағы жалпы 225876 акцияларының 78378 данасына ие.

Банктің екінші акционері ретінде Нұрбанктің қарапайым акцияларының 163998 данасына немесе банк капиталының 5,16%  ие «Techno Trading LTD» ЖШС аталады.

Банк қалай акционерлер ауысып жатқанын түсіндірмейді. Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сай, биржа нарығында соңғы жылы банк акцияларының 1265 данасымен баланстық құны Т12217 болғанына қарамай, Т18000 бағамен 8 мәміле жасалды. Д. Назарбаева мен Н. Әлиевтердің иелік еткен жиынтық пакеті 2010 жылдың басындағы мәлімет бойынша, банктің қарапайым акциясының 60,39%-на тең.

«Нұрбанк» АҚ Nurgroup қаржы тобына кіреді. ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің (ҚҚА) мәліметі бойынша «Нұрбанк» АҚ активтер көлемінен Қазақстанның сегізінші банкі болып табылады.

Банк активтері 2010 жылы қаңтар-наурызда Т326,4 млрд теңге, жеке капиталы - Т45,26 млрд. болды. Аталған кезеңде банк Т566 мың сомадағы бөлінбеген таза кіріс көрді.

Қолда бар мәлімет бойынша, С. Сәрсенова биология ғылымдарының кандидаты, Қазақ спорт және туризм академиясының профессоры болып табылады. Ол сонымен қатар, «Маңғстаумұнайгаз» АҚ мен «Павлодар мұнайхимия зауыты» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған, танымал кәсіпкер Рашид Сәрсеновтың туысы.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371