Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 6500 0 пікір 27 Тамыз, 2015 сағат 13:37

О. БӨКЕЙ: БІЗГЕ ЕҢ КЕРЕГІ РЕСЕЙДЕГІ ТЫНЫШТЫҚ

Бізге ең әуелі керегі мыңдаған шақырым бойында шектеліп жатқан, миллиондаған адамы қазақ жерінде мекен ететін көршілес – Ресей мемлекетіндегі тыныштық дер едім. Егер алда-жалда ұлтты қорғау майданын құрып жүрген, бұрынғы Одақты күндіз-түні көксейтін ұлы державалық, шовинистик пиғылмен әбден уланған топ өкімет билігіне келген жағдайда [бетін ары қылсын] Қазақстанды мекендейтін өз орыстарымыз бен ескі системаның бел балалары, бұрынғы коммунистер, сөз жоқ, атының басын кері бұрарына кәміл сене беріңіз. Мұндай қозғалыстың екпіндеуіне жол беріп алсақ, онда – тәуелсіздікпен қоштаса беріңіз.

Біздің қауіптенеріміз мұнымен де тынбайды. Халықта «ең әуелі көршіңді сайла» деген сөз бар. Бәлкім ондағы айтпағы: көршің тыныш, сабырлы, байсалды болса ғана бейбіт тұрмыс құрасың , дегені шығар. Іргелес елдердегі бүлік, ағайын арасындағы дау мен жауласудың салқыны түбінде бізге де әсерін тигізбей қоймайды.

Қап тауындығы қақтығысты былай қойғанда, Тәжікстандағы мағынасыз қантөгіс, Қазақстанға қатыссыз дей алмаймыз. Дүниедегі соғыстың ең сұмдығы – өз үйің – өлең төсегіңдегі соғыс. Оның беті аулақ, дейтұрғанмен әлі өзіміз де толық түсініп, меңгеріп бітпеген демократия мен жариялылықты желеу етіп, тіпті жалау етіп, аяғын апыл –тапыл басқан тәуелсіздігіміздің тірсегін кесіп алып жүрмелік. Ал, мынадай – қандастар арасындағы дүздараздыққа айызы қанып, мысық тілеу жасап отырғандар іште де, сырта да жетерлік.

Түбінде бір болмай қоймасы мүмкін бүліншіліктің алдын – алу үшін қазақ қоғамында әділеттілік салтанат құрып, әлеументтік теңсіздік болмауы керек. Бұның себеп-салдарын ертерек ойлап, қазірден бастап қамданбасақ, ішкі-сыртқы жаулардың арам пиғылына алданып қалудың да қатері бар.

1992 жыл
Оралхан Бөкей

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1458
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3225
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279