МӘДЕНИЕТ МИНИСТРІ ТӨҢІРЕГІНДЕГІ КЕЗЕКТІ ДАУ
Кеше интернетте Қазақстанның Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының «Қазақфильм» кионстудиясының басшылығымен жабық кеңесі кезінде жазылған аудиожазбасы жария етілді.
Дауысы саясаткерден аумайтын біреу «кино қызметкерлеріне» жұмсалып қойған миллиондарға қалай сметаны шақтауға болатынын және қалған қаражатқа қалай фильм түсіру керектігін үйретуде.
Жазба министрліктің қызметкерін қалайша «Қазақфильмнің» қаражаты есебінен Мәскеуге іс-сапарға жіберу керектігін талқылаудан басталады. Ақыры ол қызметкерді кеңесші ретінде жалдау арқылы бұл мәселе шешіледі деген тоқтамға келеді. Оның не себепті Мәскеуге барып, нендей мәселеге кеңесші болары белгісіз.
Кейін отырыста әлі сценариі дайын болып үлгермеген жаңа фильмнің қаржылық мәселелері талқыланады. Даусы Мұхамедиұлынан аумайтын біреу кереметтей дайын болмаса да, түсірілім жоспарын жасап, сценарийді бекітетін редколлегияны тез арада жинап, жарты сағат ішінде отырысқа қайтып келулерін бұйырады.
Шетелдік фирмалармен үшжақты ынтымақтастық мәселелерін қарастырғанда да, жобаны қаржыландыру төңірегінде пікірталас туындайды. «Кино қызметкерлері» Мәдениет министрлігімен келісімшарт жасасуды дұрыс санайтындарын жеткізгенде даусы министрге ұқсас ер кісі оларға дөрекі жауап қайтарады.
«Тыңдаңдар! Сіздер ешкім емессіздер! Бізге өз шарттарыңды неге тықпалай бересіңдер? Біз бұл мәселені қайта қарастырмаймыз», — дейді даусы министрден аумайтын біреу.
Одан әрі «Қазақ елі» жобасының қаржылық мәселелері қарастырылады. Шамамен Мұхамедиұлы болуы мүмкін ер кісі оларға қылмыстық іс қозғалуы мүмкін екенін, алайда ол прокурорлар келіп, киностудия жұмысы тоқтап қалмас үшін саналы түрде «құрбандыққа барып отырғанын» айтады.
Аудиожазбаны YouTube видеохостингісінде John Smith лақап атымен тіркелген пайдаланушы жүктеген.
Жазбаны, сонымен қатар өз Facebook парақшасында «Қазақстан киноматографистерінің тәуелсіз қауымдастығы» жария еткен. Желіде бұл жазбаға пікір қалдырушылар легі толастамауда.
Nur.kz