Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5410 0 пікір 24 Тамыз, 2015 сағат 15:28

"ҚАЗАҚША КЕРЕК ЕМЕС"(?)

Баламды мектепке апарғанмын. Жаңадан салынған аралас мектептен байқағаным, орыс сыныптарында 3-4 орыс баласыннан басқасының барлығы өзіміздің қазақтың балалары. 
Ең қорқыныштысы әрі, ең жиіркеніштісі, ия өкініштісі дейін бе, жеткіншектерін жетектеп апарып орыс сыныптарына берген ата-аналар балаларының қазақ тілін білмейтіндігін мақтанышпен айтып жатты. 
"Қазақша оқыту қиын. Өзіміз орысша оқыған соң, қазақша оқыта алмаймыз", "Балам орысша ойлап, орысшаны қазақшаға аударып жауап береді. Қинап қайтемін?", "Бала бақшада қазақша топқа орын болмай, орысша топқа барды. Амалсыз енді орысша класқа беріп жатырмын",-т.т осы сынды сылтауларды алға тартқан ата-аналарға қарап, не дерімді білмедім. Бәрінен бұрын, ауылдан көшіп келгені киім киісінен, сөзінен, өзін ұстауынан да көрініп қалған жас ананың (орысша акцентпен сөйлеп тұрғанымен шаруасы жоқ ) өзінше "үй ішімізбен орысша сөйлейміз, оны қазақша қалай оқытамыз, қазақша керек емес. Қазақ мектептерінде дұрыс оқытпайды. Білім төмен. Орысша оқығандар күшті білім алып шығады "-деп сумаңдап тұрғаны жаныма батты. Өз қазағымның өз ана тіліне жаны ашымайтындығы ашындырды. Бұдан соң көсегеміз қайдан көгереді? Құдай-ау, 4-5 орыстың баласына бола бүтіндей бір мектепті аралас қылдық. Осы қазақтар балаларын орыс сыныптарына бермегенде, орыс мектебіне сұраныс та болмас еді ғой.Орыс мектебі дегендер жабылар еді. Әй, бәрін құртатын өзіміз ғой. Саналары орыстанып кеткен бауырларымыздың бетін қалай қайтарамыз, қалай тәубесіне түсіреміз, қазақтар!

Бақыт Жаншаева,

Әлеуметтік желіден.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373