KASE ТАҢҒЫ СЕССИЯСЫ - $1 = ₸218
KASE қор биржасының таңғы сессиясы доллар бағамының 218,61 теңгеге тең жағдайында аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сауда 238,3 теңгемен ашылды. Ең арзан келісім 204 теңгемен, ал ең қымбаты 238,3 бағасында жасалды. Саудаға валюта нарығының барлығы 18 адамы қатысты. T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір АҚШ долларына 218,61 теңгені (-33,86), сауда-саттық көлемі - 75 мың АҚШ долларын (+25 400 USD) құрады. Таңғы сессия 10.15-11.00 аралығында өтті. Еске салайық, осыған дейін 21 тамызда доллар бағамы 237,6 теңгеге тең болған еді.
Еуро бойынша Т+0 теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Қытай юаны бойынша Т+0 теңгемен мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте сұраныс 1 юань үшін 33,6800 теңгені құрады, ұсыныс - 1 юань үшін 33,7000 теңге.
Абай-ақпарат