Сейсенбі, 29 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3588 0 пікір 14 Тамыз, 2015 сағат 02:00

ИННОВАЦИЯ БАЛАЛАР ИГІЛІГІНЕ

Алматы облысы Іле ауданындағы бірнеше жекеменшік балабақшалар желісінде эксперимент ретінде қолданыла бастаған инновациялық авторлық жоба болашақта анимациялық мультфильмге айналуы мүмкін. Бұл туралы Алматы облыстық білім қызметкерлерінің тамыз кеңесінде айтылды.

Іле ауданындағы «Гүлдер», «Балауса», «Бал-бала» жекеменшік балабақшаларының құрылтайшысы Алмагүл Батырханованың айтуынша, бұл ұжым 2015 жылы «Үздік балабақша» атанған. Олар қазақ тіліндегі 42 әріпке 42 ән және 42 ертегі құрастырып, «Әріптер әлемі» атты авторлық жобаны эксперимент түрінде енгізіп отыр. Бұл алдағы уақытта балалардың сенсорлық қабілетін арттыруға зор ықпал етеді дейді педагог. Ата-аналар тарапынан оң пікір мен зор қолдауға ие болған бұл жоба негізінде болашақта анимациялық мультфильм түсіру де жоспарланып отыр.

Облыс әкімі А. Баталов жаңашылдықпен жұмыс істейтін, өз кәсібін бизнестің көзі деп қана емес, ең алдымен ден сау, ой-өрісі дамыған ұрпақ тәрбиелеу деп қарайтын кәсіпкерге ризашылығын білдіріп, инновацияның игілігін балаларға ұсыну жолында еңбектеріне табыс тіледі.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2510
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5437
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4726