ӘБДІХАЛЫҚОВА АБАЙ МҰРАЖАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіхалықова Семей қаласына ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтойына орай келген сапары барысында Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайына арнайы келіп, экспозициясымен танысты. Мемлекеттік хатшы мұражай залдарында Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы экскурсия тыңдап, ақын қолының табы қалған түпнұсқа жәдігерлер мен өмір сүрген дәуірін, оның қоғамдық қызметін сипаттайтын мұрағат құжаттары, тарихи фотосуреттер, сирек басылымдармен танысып, үлкен қызығушылық білдірді.
Абай мұрасы – қазақ халқының сарқылмас қазынасы, оны жан-жақты насихаттау ұлы ақын мұражайы қызметкерлерінің басты міндеті болып қала бермек.
Абай-ақпарат