Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4481 0 пікір 5 Тамыз, 2015 сағат 02:00

БАҒБАНДАР ТОННЫҢ ІШКІ БАУЫНДАЙ АРЛАСПАҚ

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкiбас ауданының бағбандары алдағы уақытта поляк ағайындармен тонның iшкi бауындай араласпақ деп хабарлайды Абай-ақпарат жергілікті БАҚ мәліметтеріне сілтеме жасап. Жақында Қазақстанның Польшадағы елшiлiгiнiң ұйымдастыруымен екi ел арасындағы өзара ынтымақтастықты, сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуды көздеген маңызды шара жүзеге асты. Польшаның астанасы Варшава қаласында билiк өкiлдерi, қоғам қайраткерлерi, депутаттар мен кәсiпкерлердiң қатысуымен алқалы жиын өттi.

Аталған жиынның мақсаты – екi ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту. Сол үшiн “KZ-EURO-PL” еуразиялық палатасы құрылды. Палатаның құрамына машина жасау, аграрлық өнеркәсiп, энергетика, құрылыс салалары бойынша жұмыс iстейтiн Польшаның жетекшi компаниялары, сондай-ақ, 70-тен астам орта кәсiпорны енген. Еуразиялық палата елiмiзде “KZ-EURO-PL” жобасының Ақтөбе, Алматы, Қарағанды және Оңтүстiк Қазақстан облыстары мен Астана қаласында ойдағыдай орындалуына қолдау көрсетпек.

Түлкiбас ауданы әкiмдiгiнде жобаны жүзеге асыру шеңберiнде бiрқатар құжатқа қол қойылды. Аудан әкiмi Қ.Әбдуәлиев “KZ-EURO-PL: Агросады” аграрлық компаниялар консорциумымен таулы аудан аумағында өнiмдi алма бауларын өсiру туралы бiрлескен меморандумға қол қойды. Яғни, Польша елiнен кәсiпкерлер келiп, алма көшеттерiн отырғызатын болады. Бұл жобаны iске асырудағы жауапкершiлiк польшалық ARNO компаниясына жүктелiп отыр. Сондай-ақ, Түлкiбаста жемiс-жидектi сақтайтын логистикалық орталық салу жоспарланды.

Қазақстан елшiлiгiнiң қолдауымен палата алаңында құрылыс материалдарын шығару, құрылыс, ауыл шаруашылығы инжинирингi, машина жасау, тағы басқа да салалар бойынша жылдың екiншi жартысында елiмiзге бизнес-жоспар миссияларымен тиiстi мамандар келмекшi.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5342