Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 8186 0 пікір 4 Тамыз, 2015 сағат 09:46

АЙДОС САРЫМ. ƏСІРЕДІНШІЛДІКТІҢ КЕСІРІ

Талай ғасыр бойы Египет əлемдегі ең мықты, ең дамыған ел болған. Оның пирамидалары əлі де əлемді қайран қалдыруда. Сол Египеттің құлдырап, құлауына əсіредіншілдігі себеп болған. 
Біздің дəуірімізге дейінгі 525 жылы Египетті парсы патшасы Камбис жаулап алды. Осылай сан ғасыр бойы елді басқарған перғауындар əулетіне балта шабылды. 

Ол былай болған екен.

Египетті жаулап алу үшін парсылар оның қақпасы һəм тұғыры саналатын Пелусий қамалын басып алуы керек екен.

Қамалды басып алу үшін Камбис өз жауынгерлеріне бір қолыңа қару, екінші қолыңа мысық ұстаңдар деп тапсырады. 

Сөйтсе мысықтар египеттіктердің пірі, тірі құдайы саналады екен. Мысықтарды патша қатарлы мумиялап жерлеген. Біреудің мысығы өлсе иесі жыл бойы қара жамылып, қасын қырып тастайды екен. Біреу мысықты абайсызда өлтіріп қойса, оны бірден талап өлтіреді екен...
Мұны көрген Пелусийдегі египеттіктер ештеңе істей алмайды. Атайын десе оғы піріне тиіп кетуі мүмкін. Сондықтан діни нанымын бұзғанша, абыройсыздыққа батып, жауға бағынуды дұрыс деп табады. 
Арада бірер жыл ішінде осы айламен парсылар барша мемлекетті жаулап алған екен.

Басқаны білмеймін, бірақ мен үшін қазақ мемлекеті, елі, оның мұраты, қауіпсіздігі кез-келген діни ұстанымнан он есе қымбат, жоғары жəне биік.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377