Сенбі, 24 Мамыр 2025
Жаңалықтар 4350 0 пікір 3 Тамыз, 2015 сағат 09:13

ҚЫТАЙҒА ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДАНЫ ӨТКІЗУГЕ ПУТИН КӨМЕКТЕСПЕК

Ресей президенті Владимир Путин Қытай төрағасы Си Цзиньпинді Бейжіңнің 2022 жылғы қысқы Олимпиялық ойындардың астанасы болып сайлануымен құттықтап, «Қытайға алдағы Олимпиаданы дайындауға жан-жақты көмек көрсетуге әзір тұрғандарын» атап өтті. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

 «Ресей мемлекетінің басшысы құттықтау жеделхатында 2008 жылғы жазғы Олимпиаданың өте жоғары деңгейін атап өте келіп, 2022 жылғы қысқы Ойындардың одан төмен табыспен өтпейтініне, оның күллі әлемдегі спортшылар мен спорт әуесқойлары үшін ұмытылмас мерекеге айналатынына, сондай-ақ ҚХР-дың бұдан әрі дамуына ықпал ететініне сенім білдірді», – делінген Кремль баспасөз қызметінің хабарламасында.

Естеріңізге салсақ, Бейжіңмен қатар ақ олимпиаданы өткізуге Алматы да бақ таласқан еді. 31 шілдеде Алматыны Олимпиада Комитетіне таныстыруға Премьер Кәрім Мәсімов, Мәдениет және спорт министрі Мұхаммедиұлы, Алматы әкімі Есімов, Сыртқы істер министрі Ыдырысов бастаған делегация Куала Лампурға барып олжасыз оралды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2863
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4603