ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА ТӨРТ МЕКТЕП АШЫЛАДЫ
Павлодар облыстық білім беру басқармасының басшысы Бақыт Бексейітованың мәлімдеуінше, биылғы жаңа оқу жылында Павлодар облысындағы орта білім беру мекемелерінің қатары тағы төрт мектеппен толыға түспек. Олардың қатарында құрылысы шу тудырған 1200 орындық нысан бар, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Жаңа оқу жылының басында республикалық бюджеттің есебінен Павлодар қаласына қарасты Кенжекөл ауылында 600 орындық және Ақсу ауылдық аймағына қарасты Қалқаман ауылында 1200 орындық мектеп бой көтереді.
«Жыл соңына дейін облыс орталығында 1200 орынға шақталған мектеп пайдалануғы беріледі. Сонымен қатар, Ертіс ауданының Қызылағаш ауылында орналасқан апатты мектеп ғимаратын басқа жерге кшу мақсатында 100 орындық әлеуметтік нысан салынуда», - дейді Б. Бексейітова. Жалпы, жаңа оқу жылына өңірдегі 405 мектептің 367-сі сақадай сай. Биылғы жазда 56 мектепте күрделі жөндеу жасау жоспарланған. Қазіргі таңда олардың 18-де жұмыстар аяқталыпты.
Абай-ақпарат