Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3615 0 пікір 2 Тамыз, 2015 сағат 02:00

ТИІМДІЛІКТІҢ ТІРЛІККЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ: БАСШЫЛАРҒА ҚАТАҢ ТАПСЫРМА БЕРІЛДІ

Abai.kz ақпараттық порталы ОҚО әкiмiнiң баспасөз қызметiне сілтеме жасай отырып Оңтүстік Қазақстан облысның әкiмi А.Мырзахметов Сарыағаш ауданында алты айда атқарылған жұмыстардың есебi мен берiлген тапсырмалардың орындалу барысын тыңдағанын хабралайды. Мәжiлiске аудан әкiмi Б.Парманов, облыстық басқарма басшылары мен аудан әкiмдiгiне қарасты құрылымдық бөлiмдердiң меңгерушiлерi, ауыл әкiмдерi және өзге де жауапты мамандар қатысты.

Кеңейтiлген есептi жиында басқармалар мен аудандағы салалық бөлiмдердiң алғашқы жартыжылдықта тындырған тiрлiктерi тиянақты талданып, жұмысты жетiлдiру, жүйелендiру жағы жан-жақты сараланды.

Күн тәртiбiнде аудан аумағында құрылысы аяқталған әлеуметтiк ысандардың жай-күйi кеңiнен талқыланды. Бүгiнде Сарыағаштағы 31 нысанның екеуiнде жоспарланған құрылыс жұмыстары бекiтiлген кестеден кешiгуде. Егер аталған нысандар 20 тамызға дейiн тапсырылмайтын болса, жауаптыларға қатаң шара көрiледi. Ал, былтыр ғана ел игiлiгiне берiлген кейбiр бiлiм беру нысандарынан бiрқатар кемшiлiктер анықталған. Жыл толмай баспалдақтары мүжiлiп, қабырғаларға сызат түскенiмен, сала мамандары бұл олқылықтарды жауапсыз мердiгерлерге ескертпеген. Ал, Сарыағаш қаласындағы 320 орынды балабақша мен спорт кешенiнiң қаржысы бүгiнге дейiн толық шешiлмеген.

Құрылыс жүргiзуге қажеттi отандық өнiмдер iшкi нарықта жеткiлiктi әрi бағасы да қалтаға қолайлы. Дегенмен, шекаралас ауданда қазақстандық құрылыс заттарына басымдық берiлмей, мердiгерлер керек-жарақтарын шеттен жеткiзген. Осы жайттарға ерекше тоқталған өңiр басшысы кемшiлiктерге жол бергендерге қатаң шара көрiлетiнiн айтты.

«Жалпы Оңтүстiк Қазақстанда 74 млрд. теңгеге 225 нысанда құрылыс жұмыстары жүруде. Құрылыс материалдарының басым бөлiгi облысымызда шығады. Сондықтан мердiгерлердi отандық құрылыс материалдарымен жұмыс iстеуге мiндеттеу керек» дедi А.Мырзахметов.

Халық тығыз қоныстанған ауданда ветеринария саласында да проблема көп. Бұл мәселенi арнайы қарауды тапсырған өңiр басшысы түрлi вакцинация жұмыстарына қаржы бөлiнгенiмен нәтиженiң жоқтығын алға тартып, жауаптыларға қыркүйектiң соңына дейiн орын алған олқылықтарды тыңғылықты реттеудi мiндеттедi.

Өздерiне жүктелген жұмыстарды сапалы атқара алмағаны үшiн аудан әкiмiнiң орынбасарына сөгiс, аудандық кәсiпкерлiк бөлiмiнiң басшысы мен Сарыағаш қаласының әкiмiне, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiнiң басшысына қатаң сөгiс берiлдi.

Жиында облыстық бiлiм, жастар саясаты және тiлдердi дамыту басқармасының басшылығы ҰБТ қорытындысы бойынша ауданның соңғы орында екендiгiн хабарлап, осы салаға жауапты бөлiм басшысы мен түлектерi шектiк деңгейден өте алмаған мектеп директорларына тиiстi шара қолдану жөнiнде ұсыныс бердi.

Жер асты минералды суға тұнып тұрған ауданда ауызсу мәселесi күн тәртiбiнен түспей келедi. Сондықтан Келес өзенiнiң суын тазартып, оны ұтымды қолдану жайы қозғалды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуға арналған мемлекеттiк бағдарлама аясында көпқабатты үйлердi күрделi жөндеуге қаралған қаражаттың қайтарылуы сөз болды. Өткен жылы Сарыағаш қаласындағы көпқабатты 7 тұрғын үйдi күрделi жөндеуден өткiзуге республикалық қазынадан 68 млн. теңгеден астам қаржы бөлiнiп, жөндеу жұмыстары уақтылы аяқталған. Дегенмен, тұрғындардан бөлiнген қаржыны қайтаруы мардымсыз. Қазiргi таңда пәтер иелерiнен бар-жоғы 102500 теңге ғана қайтарылған. Тұрғындар арасында түсiндiру жұмыстарын жүргiзе алмағаны үшiн жауаптыларға қатаң шара көрiлiп, бұл саладағы жұмысты шұғыл жүйелеу жүктелдi.

Жиынды қорытындылаған облыс әкiмi тиiмдiлiк пен үнемдiлiктiң әрдайым назарда болатынын ескертiп, алда атқарылар мiндеттердi айқындады. Ауданның барлық саласындағы жұмыстарды ширатып, берiлген тапсырмаларды мiнсiз, сапалы орындауды жүктедi. Сондай-ақ, санитарлық тазалықты қамтамасыз етпегенi үшiн Ошақты, Жүзiмдiк, Ақтөбе ауылдық округтерiнiң әкiмдерiне қатаң сөгiс бердi.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1457
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3225
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279