Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 5017 0 пікір 28 Шілде, 2015 сағат 11:49

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ КӨЗІМЕН КӨРІП, КӨҢІЛІНЕ ТОҚЫП ҚАЙТТЫ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Сәкен ЖЫЛҚАЙДАРОВ жұмыс сапарымен тау қаласы Текеліде болды. Ол 2012-2020 жыл¬дарға арналған моноқалаларды дамыту жөніндегі мем¬лекеттік бағдарлама аясында қарқын алған жұмыс¬тар барысын көзімен көріп, көңіліне тоқып қайт¬ты. Текелінің тыныс-тіршілігімен танысуды алдымен балалар мен жасөспірімдердің туристік және өлкетану орталығынан бастаған халық қалаулысы осы орталықтың директоры С. Жаңбырбаевтың, мектеп оқушыларының туған өлке табиғаты, туризм саласы бойынша жетістіктері турасында айтқан әңгімелеріне құлақ түрді. Елбасының тікелей тапсырмасымен құрылып, еліміз¬дегі шағын және орта бизнестің дамуын қамтамасыз ету жолында қыруар жұмыс тындырып жатқан Кәсіпкерлер палатасының Текелі қалалық филиалына да ат басын бұрды. Мәжіліс депутаты мұнда кәсіпкерлікке бейімдеу, кеңес беру, бизнес-жоспар жасауға көмектесу, банктермен тікелей атқарылатын жұмыстармен танысты. Мемлекет тарапынан арнайы бөлінген қаржыны орынды жұмсау тікелей кәсіпкерлер палатасы қызметкерлерінің басты мақсаты екенін қадап айтты.

Күрделі жөндеуден өтіп, қала жастарының еншісіне берілген жастар ресурстық орталығы ғимаратының бөлме¬лерін аралап көрген С. Жылқайдаров атқарыл¬ған жұмысқа ризашылығын білдірді. Алдағы уақытта жұмысты бұдан да ұтымды ұйымдастыру жайын-дағы өз ұсынысын да айтты. Жұмыс сапарын «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалында қорытындылаған халық қалаулысы негізгі іс-шаралармен танысып, партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнар Ибрайы¬мовамен жұмыс барысы жайлы пікірлесті. Соңынан филиалдың қабылдау бөлімінде Сәкен Жылқайдаров қоғамдық және жеке мәселелер бойынша қала тұрғындарын қабылдады. Шора БАТЫРБАЕВ. Текелі қаласы.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3580