Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3589 0 пікір 25 Мамыр, 2010 сағат 08:10

ШҮКЕЕВТIҢ ЕТI КIМДI ҚАРЫҚ ҚЫЛАДЫ?

Премьер-министрдiң бiрiншi орынбасары Өмiрзақ Шүкеев пен ауыл шаруашылығы ми­н­­ис­­трi Ақылбек Күрiшбаев бастаған, басқа да атқамiнерлер қостаған ресми топ Ресеймен уағдаласып, Қазақстаннан импортқа шығатын ет көлемiн жылына бұрынғы 6 мың тоннадан 60 мың тоннаға жеткiзуге келiсiм-шарт жасасты. Шынымен бұл уағда iске асып жатса, - ел үшiн елеулi оқиға. Бұл дегенiңiз - 60 миллион келi ет. Ал егер бұл еттiң таза салмақтағы әр келiсiн кемiнде 300 теңгеден өткiзер болсақ, агросектордағы шаруалар калькулятордың саны жетпейтiн кiрiске кенеледi.

Бiрақ маман-сарапшылардың пiкiрiне қарағанда, бұл етке малданған қазақты алдарқатудың амалы көрiнедi. Ресеймен жасалған әлгі келiсiмнiң бiр кiлтипаны сол - Кедендiк одаққа қарсы өре тұруы мүмкiн қазақтарды тумаған сиырдың уызымен алдандырып, «егер бiз бұл одаққа кiрер болсақ, ауыл халқын қарық қыламыз» деген саяси ойынның сиқы - осы. Өз халқын алдап-арбап, аждаһаның аузына салу деген осы болса керек.

Әйтпесе қараңыз - 60 млн келi дегенiңiз оңай салмақ емес. Бордақыланған iрi қараның өзi таза 300 келi ет бередi деп шамаласақ, жылына 200 мың бас iрi қараны бордақылауға тура келедi екен. Бiрiншiден, мұншама бас малды кiм бордақылайды және бiр бұзаулы сиырына қарап қалған қазақтан осынша малды қалай жинап алмақпыз?

Премьер-министрдiң бiрiншi орынбасары Өмiрзақ Шүкеев пен ауыл шаруашылығы ми­н­­ис­­трi Ақылбек Күрiшбаев бастаған, басқа да атқамiнерлер қостаған ресми топ Ресеймен уағдаласып, Қазақстаннан импортқа шығатын ет көлемiн жылына бұрынғы 6 мың тоннадан 60 мың тоннаға жеткiзуге келiсiм-шарт жасасты. Шынымен бұл уағда iске асып жатса, - ел үшiн елеулi оқиға. Бұл дегенiңiз - 60 миллион келi ет. Ал егер бұл еттiң таза салмақтағы әр келiсiн кемiнде 300 теңгеден өткiзер болсақ, агросектордағы шаруалар калькулятордың саны жетпейтiн кiрiске кенеледi.

Бiрақ маман-сарапшылардың пiкiрiне қарағанда, бұл етке малданған қазақты алдарқатудың амалы көрiнедi. Ресеймен жасалған әлгі келiсiмнiң бiр кiлтипаны сол - Кедендiк одаққа қарсы өре тұруы мүмкiн қазақтарды тумаған сиырдың уызымен алдандырып, «егер бiз бұл одаққа кiрер болсақ, ауыл халқын қарық қыламыз» деген саяси ойынның сиқы - осы. Өз халқын алдап-арбап, аждаһаның аузына салу деген осы болса керек.

Әйтпесе қараңыз - 60 млн келi дегенiңiз оңай салмақ емес. Бордақыланған iрi қараның өзi таза 300 келi ет бередi деп шамаласақ, жылына 200 мың бас iрi қараны бордақылауға тура келедi екен. Бiрiншiден, мұншама бас малды кiм бордақылайды және бiр бұзаулы сиырына қарап қалған қазақтан осынша малды қалай жинап алмақпыз?

Ал, екiншiден, 60 мың тонна еттi шаруаның күнделiктi бағымындағы малдың есебiнен толтырамыз десек, 300-350 мың бас iрi қара қажет. Бұл - Қазақстандағы сойысқа жарайтын барлық iрi қараның үштен бiр бөлiгi. Бар малдың үштiң бiрiн Ресей асырып жiбергенде, келер жылғы 60 мың тоннаны кiмнiң, ненiң етiмен толтырмақпыз?

Мiне, осындай қарапайым есептеулердiң өзi Шүкеев шүл­дiрлетiп жүрген келiсiмнiң саяси сықпытын әшкерелеп беретiн сыңайда. Яғни Кеден одағы бiздiң қағанамызды - қарық, сағанамызды - сарық қылады деген жалған насихат - соңғы кезде әлеуметтiк белсен­дiлiгi ояна бастаған қазақты тыныштандырудың айласы.

Ал Ресейге иппорт­тауға жетерлiктей ет бiздiң елде өз қазанымыздан асып жатыр ма деген күмәннiң жетегiмен Алматының бiрнеше мал базары мен ет базарын аралап, тыныс-тiршiлiгiмен танысып көрдiк.

Ең алдымен көптiң көңiлiнен шығатын «Көк базарды» жағаладық. Бiрден айтайық - Алматының қақ ортасындағы атақты базарда ет аз, таңдау тапшы екен. Мұнда, негiзiнен, аптаның екiн­шi және бесiншi күндерi келетiн еттiң басым бөлiгi Алматы облысынан, қала маңындағы ауыл-аймақтардан әкелiне­тiн көрiне­дi. Жылқының қазысын 1500 теңгеден, сан етiн 1400 теңгеден, қой мен сиыр етiн 750-900 теңге аралығында сатып отырған саудагерлер базарда еттiң аздығын малдың арықтығымен түсiндiре­дi. Расымен, көктем мезгiлiнде қыстан қоң бермей, тек бордақыланған мал шықпаса, жайылымдағы малдың сату тұрмақ, сойып жегенге жiлiгi татымайды.

 

Дегенмен еттiң қымбаттауының жақсы жағы да бар - ауылдағы халықтың тапқан-таянғаны молаяды, қазақтың алақанына да да қарға тышады деген сөз. Малмен бала-шағасын асыраған ауыл адамына еттiң қымбаттағаны жақсы. Бiрақ базардағы бағаны ауылдың тұрмыс сұранысы емес, нарық анықтайтынын ескерсек, Алматыдағы биылғы бағаның шарықтауында бiрнеше гәп бар сияқты.

Сол гәптiң бiрi - көршiлес қырғызбен арадағы шекара жабылған соң, соңғы бiр айда Алатау асып келетiн арзан ет жоғалыпты. Осы орайда мына қызықты қараңыз - бiз бiр ғана Алматыны өз етiмiзбен қамтамасыз ете алмай, қырғыздың етiн малданып отырғанда, Ресейге қайсы етiмiздi шығармақпыз? Егер Қазақстанда ет көп болса, ол арзан болса, шекаралық бекеттер мен кеден қорлығын, жол шығынын арқалап, қырғыз аға­йын Алматы мен Жамбыл облысына ет тасып, әуре болар ма едi? Яғни Қазақстанның өз iшiнде ет тапшылығы бар деген сөз - бұл.

Ал: «Ет неге қымбаттап кеттi?» - деген аңғалсыған сұрағымызға: «Ет аз болса, ол қымбаттамағанда қайтедi?!» - дейдi базардағы алыпсатар аға-жеңгелерiмiз.

Ал көтерме сауданың тұтқасын ұстаған «оптовик» ағамыз былай дейдi: «Қазiр Алматыға келiп жатқан ет мүлдем азайды. Бiз сойысқа шығарылатын малдың бәрiн Қазақстанның орталық және шығыс аймақтарынан тiрiдей сатып алып келiп, өзiмiз қаланың сыртында бордақылап отырмыз. Ол үшiн жем-шөп керек. Оның өзi - әжептәуiр шығын».

«Қазақстан үкiметi Ресейге 60 мың тонна ет шығарамыз деп жоспар құрып жатыр, бұл мүмкiн бе?» - деп сұраймыз 15 жылдан берi көтерме саудада жүрген жiгiт ағасынан.

«Ауылдағы халықтың қолындағы мал есебiнен сыртқа ет шығару мүмкiн емес, ол үшiн Кеңес Одағы кезiндегiдей iрi-iрi мал комплекстерi қажет. Ал бiрер бас iрi қарасы бар ауыл қазағы өзiнiң малын базар ар­қылы жоғары бағаға өткiзуге тырысады. Ал Ресей ол қазаққа ондай бағаны бере қоймас...».

Қала сыртындағы «Развилка» аумағындағы көп­шi­лiк «Катализатор» атап кеткен мал базарындағы жағдай да - осы. Мұнда малды тiрi бағасына сатып алуға болады. Бiрақ таңдауға тұрарлық бұрынғыдай көп мал жоқ екен. Сойылған еттiң аздығы да көзге бiрден көрiндi.

 

«Алтын Орда» мал базарында да тiрелiп тұраған мал жоқ. Iрi қараға қарағанда, мұнда ұсақ мал сату тиiмдi ме, сиыр малы көзге шалынбады. Есесiне он шақты жылқы мен жүзге тарта қой қораларда қамалып тұр. Қойдың тiрiдей бағасы 18 мыңнан 30 мыңға дейiн шарықтап кетіпті. Тоқты 10 мыңнан жоғары бағада. Мал сатып тұрған аға­йындардан: «Бұл бағаға адам ала ма?» - деймiз жорта сұрап. «Алады, алмағанда қайда барады?! Қазiр қалада не көп - той көп, ас көп. Кез келген бұрышта шашлық сатып тұрғандар бар, қаншама мейрамханалар бар - бәрi осы жерге келедi», - дейдi көтерме саудашылар.

«Базарда мал неге аз?» - деп сұраймыз олардан.

«Қыстан шыққан малдың көктемгi саудасы осылай болады. Оның үстiне, ауыл халқы қолдағы малын жаппай бордақылай алмайды, содан сатуға шығарылған мал да аз».

«Бiздiң үкiмет Ресейге 60 мың тонна ет шығарғалы жатыр, сiздердiң саудаларыңыз сонда жүретiн шығар...».

 

«Ресейге әкесiнiң басын шығара ма, ауылда сатуға жарайтын мал қалмаса... Ол үшiн мал бағатын ауыл халқына жағдай жасау керек, шаруа қожалықтары арзан несиемен қамтамасыз етiлуге тиiс. «Дотация» мен «субсидия» деген пәлелер әкiмнiң кабинетiнде қалмай, барлық шаруа адамының қолы жететiндей болуы керек. Ал дәл қазiргi жағдайда ауылдан 60 мың тонна ет жинап алу деген сөз - қып-қызыл былшыл!».

«Сонда сiздiң саудаңыз Ресейге шықса, жаман ба?..».

«Орыстың арзан шошқасы тұрғанда, қазақтың қып-қызыл шығынмен өндiрiлген етiн қайтсiн?! Мысалы, мен 20 бас iрi қараны Тарбағатайдың Ақсуатынан әкелдiм. Ол үшiн жалдаған көлiгiме бiр мың доллар ақшам кеттi, оның өзiн сатыл­ған малдың есебiнен беремiн. Ал ауылда малға жем-шөп дайындауға жұмсалатын «ГСМ»-нiң бағасын бiлесiз бе, әкесiнiң құнын сұрайды. Осы жағдайда шаруа қожалықтары өзiндiк құны арзан ет өндiруi мүмкiн бе?!».

 

Бiз «кiм бiлсiн» дегендей иығымызды қиқаң еткiзiп кете бардық. Сонымен, базардағы еттiң жағдайы осындай болды. Ресми деректер бойынша, ет бағасы 5,5 пайызға көтерiлiп кеткен екен. Ал базардағы бағаның өсiмi 25-30 пайыздан кем соқ­пайды.

 

Ал Алматыдағы шұжық өндiретiн кәсiпорындар ет тапшылығы салдарынан өзiмiзге импорттан келген еттi сатып алуда. Мәселен, олар төтенше жағдайларға деп қорда сақтал­ған америкалық еттi пайдалануда. Оның өзi ұзақ жыл сақталғандықтан, азықтық сапасын жойған ет көрiнедi. Мұ­хит­тың арғы жағындағы АҚШ мыңғырған малы болған Қазақстанға ет экспорттап жатыр дегеннiң өзi күйiндiрер күлкi шақырса керек. Осындай жағдайда бiздiң Ресейге 60 мың тонна ет шығаруымыз мүмкiн бе?!

Әлбетте, мұны бiр өтпелi уақыттағы жағдай деп қарасақ та, биылғы қыстан қаншама ауылдың тiгерге тұяқ таппай қалғанын ескерсек, 60 мың тонна еттi қамтамасыз ететiн өсiм орнына келуi үшiн, бiраз жылдың басын қайыруға тура келедi. Мәселен, Шығыс Қазақстандағы кейбiр аудандар су тасқыны кезiнде мал санының 80 пайызынан айырыл­ған.

Мiне, осындай көңiлсiз статистикадан кейiн Шөкеев пен Күрiшбаев мырзалардың қазақстандық билiк пен халықты алдарқатқан жоспары жүзеге асатындығына күмән туады. Ең бастысы, бұл жуық бес-он жылдың төңiрегiнде жүзеге асатын шаруа болмаса керек. Әрине, Ресейге болсын, басқа елдерге болсын, қазақстандық ет шығатын жол ашуды бүгiннен қолға алған абзал. Бiрақ бұл Кедендiк одақтың мүддесiне емес, халықтың нақ­ты әлеуметтiк-экономикалық жағдайына ыңғайластырылып жасалса, құба-құп болар едi. Ал Шүкеевтiң шүлдiрi белгiсiз 60 мың тонна етi мал бағатын шаруа қожалығын қарық қылмасы - көтерем қазақ даласына аян жайт.

Әйтпесе «Ет жесең - тiсiңе, жемесең - түсiңе кiредi» демекшi, шетелге импорттаймыз деп жүрiп, еттi тек түсiмiзде көретiн боп кетпесек болғаны.

 

Ринат АҚЫЛБЕК,

«D»

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 20 (57) от 19 мая 2010 г.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3219
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5273