ОҚО-ДА 18-ГЕ ТОЛМАҒАН 350 ҚЫЗ ЖҮКТІЛЕР ЕСЕБІНДЕ
Оңтүстік Қазақстанда кәмелетке толмаған 350-ден аса жүкті қыз есепте тұр. Мұндай санды ОКҚ-да өткен брифинг барысында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Бексұлтан Тұтқышев атаған. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.
"Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, жасы 12-ге енді толған, бірақ 17-ге толмаған 350-ден аса жүкті қыздың есепте тұрғаны анықталды. Дәрігерлердің айтуынша, оның соңы жағымсыз әрекеттерге әкеп соғады және ол қыздар мен жаңа туылған сәбилердің денсаулығына әсер етеді", - деген Тұтқышев.
«Олардың ата-аналары, ағалары бар. Ендеше мұндай жағдайға қалайша тап болды? Бұл жерде проблеманың барлығын мемлекетке арта салуға болмайды, проблема үйдегі тәрбиеден, отбасыдан шыққан дер едім", - дейді Тұтқышев жергілікті басқару органдарынан алған дерегіне сүйеніп.
Бұған дейін Жыныстық және репродуктивтік саулық жөніндегі қазақстандық қауымдастықтың басшысы Галина Гребенникова жасөспірімдер арасындағы жүктілік деңгейінің жоғары қалыпта сақталып отырғанын айтқан болатын.
Абай-ақпарат