Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3622 0 пікір 14 Шілде, 2015 сағат 09:33

ҚАЗАҚСТАН ТУМАСЫ РЕСЕЙДЕ ҮШ ЖАСАР ҰЛЫН ҮЙГЕ АЙЫРБАСТАҒАН

Ресейдің Липецк облысында тергеушілер ғаламторда хабарландыру беріп, үш жасар ұлын сатып жібермек болған азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғады. Арам ниетті әке осылайша баспана мәселесін шешіп алмақ болыпты, деп хабарлайды Bnews.kz

Липецкте тұратын 24 жастағы Қазақстан тумасы қылмыстық әрекеті үшін 3 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп жазады РФ ТК облыстық басқармасының ресми сайты. 

Тергеу деректеріне сүйенсек, жас жігіт үш жасар ұлын сатып жіберу үшін интернетте хабарландыру берген. Әлеуетті сатып алушы табылған кезде, ер адам онымен 10 шілде күні Липецктегі Жеңіс даңғылында кешқұрым кездесетін болып келіседі. Сәбиі үшін 1,5 млн рубльдан дәмелі болып барған жігіт тәртіп сақшылардың қолына түсті. 

Жауап алу кезінде ер адам «ойлағаны тек ұлының қамы болғанын, сол себепті де оны жақсы отбасына тапсырғысы келгенін» айтып, ақталмақ болды. 

Алайда ұсталған азамат ұлын сатудан түскен ақшаға үй алып, жағдайын жақсартуды көздегенін де жасырмады. 

Баланың анасы өткен жылдың жазында сәбиді әкесіне тастап, өз отанына Қазақстанға оралған екен. 

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475