Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 6704 0 пікір 13 Шілде, 2015 сағат 13:16

"ҚҰРТАФЕЛЛО" БРЕНДІ ПАЙДА БОЛДЫ

Қазақстанда Құртафелло тауар белгісі тіркелді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкері Айнаш Убайдуллаева құрттың саудасына осылайша назар аударғысы келген.

"Қымызбен айналыстым, клиенттерті тарту үшін Интернетте бір қызық іздедім, себебі Шымкентте бәсеке көп, қымыз көп, жаңа бірдеңе ойлап тапқым келді. "Құртафаелло" деген атауды көрдім, маған бұл идея бірден ұнап қалды. "Құртафелло" деп сәл өзгерткім келді. Бізде ең дәмді құрт бар, оны ауылдан жеткіземіз. Бренд жасағым келді, адамдарды құртқа қызықтырғым келді", - дейді кәсіпкер. Орташа алғанда бір қап құрт 250 теңге тұрады.

Айнаш Убайдуллаеваның айтуынша, Raffaello брендінің өкілдерінен шағым күтудің қажеті жоқ. Авторлық құқық жөнінде ол Астанадағы мамандармен кеңесіпті, кейін ол "Құртафелло" тауар белгісін тіркеді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1481
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475