Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3915 0 пікір 10 Шілде, 2015 сағат 17:36

"ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП"-КЕ САҒЫНТАЕВ КЕЛДІ

"Қазатомөнеркәсіп" АҚ Директорлар кеңесінің басшысы ауысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

 "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Басқармасының сырттай отырысының қорытындысы бойынша "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Директорлар кеңесінің құрамы мен өкілеттілік мерзімі анықталып, Кеңес мүшелері және төрағасы сайланған. Оған сай, "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев "Самұрық-Қазына" АҚ Басқармасының шешімімен Жалғыз акционердің өкілі ретінде "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы болып сайланды", - делінген  ұлттық колмпанияның хабарламасында.

Сонымен қатар, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы белгілі болды. Олар Бектеміров Қуаныш Әбдіғалиұлы - Жалғыз акционердің өкілі, "Самұрық-Қазына" АҚ активтерін басқару жөніндегі Бас директор; Тұрмағамбетов Мәжит Әбдіқалықұлы - Жалғыз акционердің өкілі, "Тау-кен Самұрық" АҚ басқарма төрағасы; Арсланова Зарина Фуатовна – Тәуелсіз директор; Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы – "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқарма төрағасы. Айта кетейік, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Директорлар кеңесінің өкілетті мерзімі - бір жыл.

Еске салсақ, «ҚазАтомӨнеркәсіп» компаниясын Жәкішевтен кейін 2014 жылы министр болып кеткенінше Школьник басқарды. Одан кейін басқарған Қаппаров биыл, 26 наурызда жұмбақ жағдайда Бейжіңде қайтыс болды.  31 наурызда "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Басқарма төрағасы компаниясының уақытша міндетін атқарушы болып осыған дейін басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып келген Айдар Әріпханов тағайындалған болатын. Одан соң мамыр айында "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басшысы болып бұған дейін ҚР инвестициялар және даму вице-министрі қызметін атқарған Асқар Жұмағалиев тағайындалған еді. Оның кандидатурасы Директорлар кеңесінің кезектен тыс отырысында мақұлданып, Қазақстан Республикасының үкіметімен келісілген.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5440