Сәрсенбі, 2 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4347 0 пікір 10 Шілде, 2015 сағат 15:57

БИЫЛ 322 МЫҢ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ

Ағымдағы жылы 322 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек  Сапарбаев мәлім еткен. ҚазАқпараттың жазуынша,

«Мемлекет басшысының Үкіметтің алдына қойған ең басты міндеттерінің бірі - ол экономиканың өсу қарқынын төмендетпеу, азаматтардың әл-ауқатын жақсарту, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жұмыссыздыққа жол бермеу. Әлемдік экономикалық дағдарысқа қарамастан қабылданған мемлекеттік бағдарламаларды игерудің арқасында мемлекет өз халқының алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін қазіргі таңда толығымен орындап отыр», - деген өз сөзінде Б.Сапарбаев.

Оның атап өтуінше, жұмыспен қамту, жұмссыздыққа жол бермеу жөніндегі Үкіметтің атқарған жұмыстарының негізінде  барлық өңірлерде  халықты жұмыспен қолдау жөніндегі кешенді жоспарлар бекітілген. Үкімет басшысының орынбасары өз сөзінде жұмыс орындарын қамтамасыз ету үшін кәсіпорындармен арнайы меморандумдар жасалғанын атап өтті. «Қазіргі уақытта 66 мың меморандумға қол қойылып,  2 млн. 200 мың адам жұмыспен қамтылды. Тек қана биылғы жылдың өзінде 322  мың жұмыс орны ашылуы керек. Қазіргі таңда 191 мың адам жұмыспен қамтылды. Ол берілген тапсырманың 67 пайызы», - деді министр.

 

Абай-ақпарат

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 412
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1482
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 380
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 356