Сенбі, 23 Қараша 2024
Енді қайттік?.. 4640 0 пікір 10 Шілде, 2015 сағат 12:20

ҚОШ БОЛ, ЗЕЙНЕТАҚЫ!


Елімізде ең көп өзгерістер енетін... қалаулыларымыз ең көп өзгерістер енгізетін сала - Білім және ғылым саласы еді, енді оған Денсаулық сақтау мен әлеуметтік даму саласы қосылды. Біресе жекеге беріліп, біресе қайтадан мемлекеттің меншігіне өтіп, ырың-жырыңмен «басы қатып» жүргенде бірталай миллиардтарынан айырылып қалған біздегі зейнетақы жүйесі алдағы бір-екі жылда тағы да «талағымызды тарс айырайын» деп отыр – естуімізше, тағы да өзгерістерге ұшырамақ. Тағы да сол – базалық зейнетақы мәселесі. «Білесіздер ме, қазіргі кезде базалық зейнетақы төленімі барлық зейнеткерлерге бірдей көлемде беріліп келе жатыр, бұл дұрыс емес, - деді кеше Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара ДҮЙСЕНОВА, - енді алдағы 2017-ші жылдың 1-ші шілдесінен бастап төленетін зейнетақы көлемі зейнеткердің еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады...»

Министр ханымның айтуына қарағанда, тиісті жарнаны зейнетақы қорына үздіксіз аударып отырмаған адам өзінің «қамтамасыз етілген кәрілігі» туралы ұмыта берсе де болады. Сондай-ақ, зейнетақы қорына жарнаны он жылдай ғана аударған азаматтар да аталмыш тізімге енеді. Қысқасынан қайырғанда, зейнетақының төлену көлемі азаматтың еңбек өтіліне тікелей байланысты, ал енді жоғарыда келтірілгендей, еңбек өтілі он жылдың ар жақ, бер жағында ғана болғандар үшін базалық зейнетақы көлемі ең төменгі күнкөріс минимумының жартысындай ғана болмақ. Ал бұл, дәл қазіргі кезде, шамамен он мың теңгеден сәл-сәл ғана асады.

Жазғы каникулға жете алмай, алаңкөңіл болып жүрген парламентариилер ел азаматтары үшін ең-ең маңызды саналатын осынау заң жобасын кеше Президенттің мақұлдауына аттандырып жіберді.

 

Марат МАДАЛИМОВ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406