Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 5590 0 пікір 9 Шілде, 2015 сағат 11:50

ӘР ҚАЗАҚ ҮШІН ҚАЛҚАН БОЛ!

Қытайда жатып, қаным басыма шапты...

...Менің бауырым – қазақтың баласы; менің жерлесім - Оралдың тумасы; менің әріптесім – өнердің ұланы, қылшылдаған 37 жастағыСырым Мұратқалиевті ата-бабасының туған топырағында, махаб­бат­тың мекені Алматы қаласында кір­ме орыстың 27 жастағы Александр Кузнецов деген бір сапалағы өлтіріп, “өзімді қорғадым” деп, небәрі 1,5 жылға жеңілдетілген тәртіппен “жазаланыпты”...

Қазақ қаза тапты. Өз ажалынан емес, кірменің қолынан жан тәсілім етті...

Сөйтсек, адам өлтірген әлгі қылмыс­кер Александр Кузнецов дейтіннің ата­сы Ішкі істер қызметінің генералы ек­ен. Барлық әлеуметтік желілер мен БАҚ қалайша шұғыл қимылдап, мар­құм Сырым Мұратқалиевтің атын ал­дын-ала әдейі былғап-қаралап, сот басталмай тұрып-ақ оның жақтастарына қысым жасағаны­ның себебі белгілі болды. Орыстың қақпас генералы бар күш-қуаты мен таныстарын қосып, қылмыскер немересін түрмеден сақтап қалуға тырысқан!..

Жоқ! Біз бұған жол бермейміз! Жол берсек - бұл қасырет ертең әрбір қазақ­тың үйіне келуі мүмкін! Сондықтан, Сы­рым Мұратқалиевтің әруағын қорламай, атын ардақтап-ақтап алуға бел шеше кіріскен қазақтың қайсар ұлы Мұхтар Тайжанды жүрегінде намысы өшпеген әрбір қазақ сөзсіз қолдауы керек!

Сонымен қатар, күні кеше ғана қаз­ақ­тың жерінде жүріп, өзбек шекарашы­сы­ның оғынан қаза тапқан 7 баланың әкесі, менің тағы бір қазағым –Уәлихан Ахметовті: “Әр қазақ менің жалғызым” деп шырылдаған қоғам белсендісі Дәурен БАБАМҰРАТОВ бауырымды кеудесінде жаны бар әрбір қазақ қызу қолдауы керек!

...Ең алдымен, адам өлімі орын алған оқиғаның басты себепкері Александр Кузнецовтың ісін қазақ қоғамы жіті қадағалап, ауыр жаза алуына ықпал етуі керек! Қылмыскерді бостандыққа жіберген Алматы қаласының Медеу ау­дандық Ішкі істер бөлімінің тиісті қызмет­керлері жұмыстан босап, жазалануы керек.

Екіншіден, қазақ қоғамында ұлыорыс­тық арам пиғылдардың өріс алып ба­ра жатқандығын Ұлттық Қауіпсіздің Коми­теті терең зерделеп, мейлінше қатаң сүзгі жасап, әркімді өз орынына қоюға тиіс! Бүгін қимылдамасақ, ертең кеш бо­лады! Бұл сөзімізге дәлел – орыс билі­гінің“Балтық жағалау елдерінің тәуелсіздігі - заңсыз” деген мағынадағы сандырағы!

Үшінші­ден, орыс басшы­лығы­ның көр­ген­сіздігін көзіне басқан Литва Пре­зиденті Даля Грибаускайтенің сали­қалы жауабынан кейін Кремльдің асы­ранды, сасық қандені Владимир Жиринов­скийдің ауызынан шашырағын түкірігіне өзін шашалдырудың қамына кірісу керек.

Төртіншіден, Адам құқықтары жөнін­де­гі халықаралық бюроның Қазақ бөлім­шесінің басшысы (бұрын өзі де адам өлтірген) Евгений Жовтистің қапыда қаза тапқан қазақ Сырым Мұратқалиевтің құқын аяққа таптап, қолына пышақ ұстаған орыс Александр Кузнецовтың құқын қызғыштай қорғау себебін қазақ қоғамы белсене қатысып, егжей-тегжейлі зерттеп, Евгений Жовтисті жауапқа тартуы керек. Бұл істің анық-қанығы расталғанша, Адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюроның Қазақ бөлімшесін қаржыландыратын Халықаралық ұйымдардың ақшалары тоқтатылып, есеп-шоттары жабылу керек.

Бесіншіден, қазақ ұлтының құқы бұзы­лып, ұлы қаза тапқан қос істі қаз­ақ ұлтының арда азаматы Мұхтар ШАХАН­ОВ ағамыз басқаратын «Ұлттық кеңес» мықтап бақылауына алуы керек.

Және...

Мұхтар Тайжан бауырым айтпақшы: “...Сырымның ағасы сотта неге жалғыз тұрды? Бұндай жағдайда бір-бірімізге қолдау көрсетпесек, бұндай оқиғалар жалғаса береді. Ал егер бірлігімізді көрсете алсақ, келесі рет ойланар, “ай, мыналарға тиісуге болмайды екен”, деп. Сондықтан, кезекті соттың отырысына қаза тапқан жігіттің отбасымен бірге барып, моралдік қолдау көрсетейік, ағайын!”

Айналайын жан бауырларым, әр қазақ үшін қалқан болайық!

 

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407