Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4020 0 пікір 26 Мамыр, 2010 сағат 07:39

Алматыда жеке нотариустың пәтерінен $85,5 мың және алтын ұрланды

Алматы. 26 мамыр. ҚазТАГ - Алматыда Медеу ауданында дүйсенбі күні кезекті ірі ұрлық орын алды, деп агенттікке құқық қорғау органындағы дереккөз хабарлады.

«Самал-2» ықшамауданындағы жеке нотариустың пәтеріне ұрылар үй иесінің жоқтығын пайдаланып, есікті кілтпен ашып кірген. Ұрылар осылайша сейфті де ашып, одан $85,5 мың ақша мен бірнеше алтын зергерлік әшекей бұйымдарды әкеткен.

36 жасар зардап шегушінің айтуынша, келген шығын Т13 млн болған.

Ұрыларды тауып, ұстау үшін полициядағылар арнайы тергеу тобы құрылғанын айтады.

Олар сондай-ақ «Самал» ықшамауданында бақуатты алматылықтардың пәтерлерін көптен бері ұрлаумен айналысып жүрген ұрылардың шайкасы барлығын айтады.

Қолданылып отырған шараларға қарамай полиция әзірге ол ұрыларды залалсыздандыра алмай отыр, деді дереккөз.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 960
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2466
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 664
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 639