Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5029 0 пікір 3 Шілде, 2015 сағат 16:39

НҰРТАСТЫҢ ҚАЙРАТЫ «НҰРОТАНДЫҚ» БОЛДЫ

Бүгін Астанада «Нұр Отан» партиясының қатарына қабылдау салтанаты өтті. Партиялық билетті партияның 12 жаңа мүшесіне партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек тапсырды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Партия қатарына жаңа мүше болып: президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының профессоры Зинаида Федотова, «Жамбыл электр желілері» ЖШС бас директоры Әлихан Жарболов, «Kazakhstan Computer Graphics» ЖШС бас директоры Эрнар Құрмашев, «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағы республикалық штабының жетекшісі Рахат Хамидуллин, «Қазақстан» РТРК АҚ ақпараттық-сараптамалық дирекциясының директоры Құрманбек Қазанбасов, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармония директоры Ақан Әбдуалиев, Қостанай облысының «ТОРО» компаниясының директоры Майль Тороян, Ақтөбе облысының «Өсербай» шаруа қожалығының басшысы Лариса Ю, ШҚО «Зенит» зауытының инженер-құрастырушысы Дәурен Охасов, режиссер және актер Максим Акбаров, эстрадалық әншілер Қайрат Нұртас пен Жанар Дұғалова енді.
Партияның атқарушы төрағасы Бауыржан Байбек: «Бізді қатарымызға кірушілер санының жыл сайын артып келе жатқаны қуантып отыр. Партияның негізін қалаушы әрі саяси идеалы – елбасы өзінің үлгісімен, жетістіктерімен, жұмысына, халқына деген махаббатымен осындай Қазақстанның іргетасын қалады. Партияның міндеті – мемлекеттік бағытты, бірлік пен ынтымақты қамтамасыз ету. Осындай қарапайым нәрселерсіз ел дамуына қол жеткізілмейтін еді. Партияның бүгінгі миссиясы – «2050 Стратегиясына» қол жеткізу үшін бағыт пен жағдайларды қамтамасыз ету. Ал бұл халқымыздың бірігуінсіз мүмкін емес. Сондықтан біз сіздердің «Нұр Отан» партиясының қатарына кіру шешіміңізді қуана қарсы алып отырмыз», –десе, Әнші Қайрат Нұртас бұл партия қатарына еліне пайда әкелу үшін кіргенін айтады.

«Нұр Отан» – елбасымыздың партиясы, барлық бастаулар қазақстандықтардың жасампаздығы мен оларды біріктіруге арналған, оны әрқайсымыз білеміз. Сондықтан мен өз елімнің болашағы үшін жасампаздық жолға түсу мақсатында нұротандықтардың қатарында болуды шештім», – деп бөлісті өз ойымен әнші.

Партияға елдің барлық аймақтарында 1258 адам жаңа үлгідегі партиялық билеттерді алған. Бүгінде партияның 860 мыңнан астам мүшесі бар.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377