Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5175 0 пікір 29 Маусым, 2015 сағат 09:20

УКРАИНА ҮКІМЕТІ: ЯНУКОВИЧ ЕЛГЕ ҚАЙТА АЛАДЫ

Украина үкіметінің баспасөз қызметі Януковичтің BBC арнасына жуықта берген сұхбатына қатысты реакциясында: «Еегер Янукович өзінің кінәсіздігіне сенімді болса, Киевке оралып, сот мекемесінде өзінің кінәсінің жоқтығын  дәлелдей алады» деп мәлімдеді. Бұл туралы kazakh.irib.ir сайты жазды.

Янукович BBC арнасына берген сұхбатында тіпті өз үкіметіне қарсыластарға қарай оқ атуға жеке өзінің бұйрық бермегенін, бірақ үкіметінің құлауына дейін қақтығыстарды болдырмау үшін лайықты талпыныс жасағанын айтқан еді. Ол сонымен бірге кемінде жүз адам қаза болған Киевтің «Тәуелсіздік» алаңындағы қатыгездіктерге қатысты жауапкершілігін теріске шығармайтынын да айтқан болатын.

Еске сала кетсек, Януковичтың президенттік мәртебесі 17 маусымда ресми түрде заңмен алынып тасталды.

Абай-ақпарат

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1016
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2559
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 710
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 676