ҚХА БЕДЕЛІ 85 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ - Е.ТОҒЖАНОВ
Тәуелсіздік сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы журналистері мен сарапшылары клубының отырысы өтті. Бұл отырыс Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні құрметіне орайластырылған. «ҚазАқпараттың» жазуынша, Отырыста сөз алған ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов Ассамблеяның қоғамдағы рөлін атай келе:
«Соңғы әлеуметтік деректер бойынша Ассамблеяның беделі 85 пайызға артты. Бұл керемет нәтиже. Қазақстан мен халықаралық кеңістікте болып жатқан саяси үрдістер геосаяси өлшемде күллі әлемге Н.Назарбаевтың үлгісі - келісім, бірлік үлгісі сәтті енгізілгенін тағы бір мәрте растады. «100 қадам» жоспарының аясында ҚХА алдына қойылған міндеттер көп. Бұл еліміздің біртектілік пен бірлік реформалары. Бұл жұмыстардың барлығы ҚХА-ына жүктелді», - деп атады.
Шараның соңы клуб мүшелерін, республикалық, аймақтық БАҚ журналистерін «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапаттау салтанатымен қорытындыланған.
Абай-ақпарат