БАҚ өкілдеріне «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгілері табыс етілді
Кеше, 25 маусым Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні қарсаңында «Astana Music Hall»-да жыл сайынғы журналистер арасында өтетін «Нұр Сұңқар» республикалық байқауының қорытындысын шығарудың салтанатты рәсімі өтті. «Нұр Отан» партиясы мен Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі байқаудың ұйымдастырушылары болды.
Байқау 2010 жылдан бері Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні қарсаңында өткізіліп келеді, биылғы жылы «Нұр Сұңқарды» табыс етудің VI рәсімі ұйымдастырылды. Осы өткізілген жылдарда «Нұр Сұңқар» өзін журналистік шеберлікті танытуға арналған алаң ретінде көрсете білді және отандық масс-медиа өкілдерінің зор қызығушылығын туғызды.
Іс-шараға 200-ден астам адам қатысты: «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Сәкен Сарсенов, республикалық және өңірлік БАҚ-тың бас редакторлары мен журналистері, баспасөз-хатшылары, белгілі қоғам қайраткерлері, саясаткерлер мен ҚР Парламентінің депутаттары – «Нұр Отан» фракциясының мүшелері.
Ашылу рәсімінде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың мемлекеттің стратегиялық жоспарларын іске асырудағы рөлін атап өтті.
«Қазақстанда мемлекеттің тұрақты дамуының, баянды экономикалық өсудің, Елбасының дана саясатының арқасында бүгінгі күні заманауи, техникалық жабдықталған, бәсекеге қабілетті медиялық кеңістік қалыптасты және біздің мемлекетіміздің мақсаты биік жоспарларын іске асыру тек БАҚ-тың белсенді қатысуымен ғана мүмкін. «Нұр Отан» партиясы бүгін де, ертең де Қазақстандағы ақпараттық саланың дамуын ынталандыруға, журналистің кәсіби және тұлғалық өсуі үшін жағдай туғызуға ниетті, - деп атап өтті Б.Байбек.
Биылғы жылы «Нұр Сұңқар» байқауына қатысуға республикалық және өңірлік БАҚ-тан 220 өтініш түсті, олардың ішінде 132 жұмыс алдын-ала іріктеуден өтті. Келіп түскен материалдардың 65 % қазақ тілінде болғанын және 2/3 байқау материалдарын өңірлік журналистердің ұсынғанын атап өткен ләзім.
Байқау комиссиясы «2050-Стратегиясын», «Нұрлы жол» Бағдарламасын, Бес халықтық реформаның, «Мемлекеттік құрылыстың 100 қадамының» іске асырылуын көрсеткен, тәуелсіздік, бірлік пен келісімді насихаттаған, сондай-ақ, партия қызметі туралы материалдарды қабылдады.
Биылғы жылы тұңғыш рет екі жаңа аталым қосылды – «Қоғам үні» - ең үздік радио журналист және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы ең үздік материалдар үшін» аталымы:
Сыйлықтар 9 аталым бойынша берілді:
-«Сөз шебері» – Ең үздік газет журналисі аталымы - Юлия Магер, «Казахстанская правда» республикалық газетінің шолушысы;
-«Ерекше пікір» – Ең үздік телевизиялық журналист аталымы - Еркін Мухамеджанов, «Қазақстан» телеарнасы «Апта.kz» телебағдарламасының жетекшісі»;
-«Қоғам үні» - Ең үздік радио журналист аталымын – Қазақ радиосы «Қайырлы таң, Қазақ елі» бағдарламасының бас редакторы Құралай Жұмаханова мен «ОРДА FM» радиосының директоры Азамат Исаев жеңіп алды.
- «Медиа-профи» – Ең үздік ақпараттық агенттік журналисі аталымы - Балажан Серғали, «Baq.кz» ақпараттық порталының бас редакторы;
- «Аймақ айнасы» - Ең үздік өңірлік корреспондент аталымын - «Мұнайлы Астана» (Атырау облысы) газетінің бас редакторы Кұттыгерей Смадияр мен «Наш Костанай» газетінің тілшісі Александр Кузьмичев иеленді.
-«Көзқарас» аталымы - Ең үздік блогер - Тимур Кубеков;
-«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы ең үздік материалдар үшін. аталымы - Гүлбану Аюпова, 31 телеарнасы «Информбюро» ақпараттық қызметі астаналық филиалының шеф-редакторы;
-.«Қазақстандық журналистикаға қосқан үлесі үшін» аталымы - - Айдос Үкібаев, «Хабар» Агенттігі АҚ басқармасының Төрағасы;
- «Партия қызметі туралы ең үздік материал үшін» аталымы - Ирина Якунина, Шығыс-Қазақстан облысы бойынша «Астана» телеарнасының меншікті тілшісі.
Әр аталым бойынша 1 млн. теңге көлемінде ақшалай сыйлық беріледі.
«Нұр Сұңқар - 2015» сыйлығының демеушісі «Цесна Банк» АҚ болды.
Сондай-ақ, салтанатты рәсімде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің атынан «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгілерін табыс ету салтанатының рәсімі өтті. Құрметті белгінің иегерлері болғандар:
1.Сейітмамыт Арман Балтабайулы, «24 KZ» телеарнасының директоры;
2.Біләлова Айжан Кабжановна, «СТВ» телеарнасының редакторы;
3.Кертаев Ринат Думанович, «Хабар» Агенттігі» АҚ бас продюссері»;
4.Бимуратова Бағжан Қадырбековна, «Қазақстан» телеарнасының бағдарламалық директоры;
5.Үмбетова Базаркүл Сейітжановна, «Астана» радиосының бас редакторы;
6.Шаяхметова Надежда Вадимовна, Bnews.kz ақпараттық агенттінің бас редакторы;
7.Сыздықова Шолпан Викторовна, «Деловой мир» журналының бас редакторы;
8.Шөпеғұл Жолдасбек Көшербайұлы, «Егемен Қазақстан» газетінің Атырау облысындағы меншікті тілшісі.
Абай-ақпарат