Жұма, 2 Қазан 2026
Күбіртке 8054 0 пікір 22 Маусым, 2015 сағат 09:41

ПЕНТАГОН: РЕСЕЙМЕН ШИЕЛЕНІС ҰЗАҚҚА СОЗЫЛАДЫ

Пентагон басшысы Эштон Картер Құрама Штаттар және НАТО одақтастарының Ресеймен арадағы шиеленісі ұзаққа созылады деп мәлімдеді. BBC-дің жазуынша, Картер Ресейдегі саяси бағыттың Путин президент болып тұрған кезде, тіпті одан кейінгі президент кезінде де жаңара қоймайтынын айтқан. Себебі НАТО Ресеймен қатынаста қатаң позицияда теңгерімді тәсіл қолданбақ.

Еуропаға қысқа мерзімді саяхаты алдында Картер, журналистердің «Путиннің саясаты өзгеруі мүмкін бе?» деген сұрағына: «- Мен де осыған үміт артамын, бірақ сенімді емеспін», - деп жауап қатқан. Пентагон ертеректе хабарлағандай, Картер 22-26 маусым аралығында Ресей тарапынан болып жатқан мәселелерді талқылау үшін Германия, Эстония және Бельгия елдерінде болады.

АҚШ Қорғаныс Министрі журналистермен кездесуінде Путиннің «Мәскеудің ауыр қоқанлоқысы туралы» сөзін сынға алды. Естеріңізге салсақ, Путин өткен аптада Ресей қорғанысы құрлық аралықтық 40 ядролық ракетамен толығатынын мәлімдеген еді. Ол мұндай мәлімдемені Шығыс Еуропадағы НАТО қарулы күштерін ұлғайту туралы АҚШ-тың ұсынысынан кейін жасаған болатын. Путиннің сөзінше бұл ракеталарды қандай да бір соңғы технологияның көмегімен қағып түсіру мүмкін болмайды. Путиннің сөзінен соң НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресей әскери риторикасының қауіпті екенін, бұлай жалғаса берсе үлкен тұрақсыздық алып келетінін мәлімдеген болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Ғылым-білім

Наука действия – от теории к практике

Алмаз Ещанов 317
Мәдениет

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 338
Аласапыран

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 439