Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 4164 0 пікір 22 Маусым, 2015 сағат 09:06

РЕСЕЙЛІК ЖОЛАУШЫ: «ПУТИН СЕНДЕРДІ ӨЛТІРЕДІ»

19 маусымда Парижден Мәскеуге ұшатын "Аэрофлот" рейсінің жолаушылары мас әйелдің бизнес-класста шығарған жанжалының куәгері болды. Бұл жағдай куәгерлер тарапынан YouTube ресурсына жүктелген.

Tengrinews.kz жазғандай, бортқа шақырылған француз полицейлерге әйел ағылшын тілінде: «Владимир Путин сендерді өлтіреді», - деп айқайлайды. Ресейлік азаматша ұшақтан түсіріліп, рейс бір сағатқа кешікті.

Куәгерлердің айтуынша, әйел адам әуежайдағы бизнес-класс жолаушыларына арналған бөлмеде де ішімдік ішкен. Ұшаққа мінгеннен кейін ол "Аэрофлот" қызметкерлеріне мінез көрсете бастапты. Тәртіп сақшыларын шақырған кезде ол одан ары дөрекі мінез танытқан. Қазір жолаушының кім екені анықталу үстінде.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2047
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4909
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4108