Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3803 0 пікір 22 Маусым, 2015 сағат 08:44

АҚШ Хемингуэйдың үйін қалпына келтіруге $860 мың бөледі

Куба және АҚШ билігі құны 860 мың долларға тең ортақ жоба - әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты, «Шал мен теңіз» туындысының авторы Эрнест Хемунгуэйдің үйін қалпына келтіру ісін бастағанын мәлімдеді. ҚазАқпараттың жазынша, Жобаға жазушы үйінің жанынан автордың мыңдаған құжаты, оның ішінде жеке хаттар мен шимай дәптерлерін жинап, қалпына келтіру мақсатында шеберхана салу да қарастырылған.

1939 жылдан 1961 жылға дейін жазушы тұрған Финка Вихия иелігі Куба астанасы Гавананың маңайында орналасқан. Finca Vigia америкалық қоры Куба билігінен үйдің бастан-аяқ қалпына келтіруі үшін материалдарды АҚШ-тан әкелуге рұқсат алған. Аталған келісімге сенбі күні қол қойылды.

Қор басшысы Мэри-Джо Адамстың мәліметінше, кубалық билікпен Хемингуэй иелігінде қалпына келтіру жұмыстары бойынша келіссөздер жүргізу 2005 жылы басталған. Алайда АҚШ пен Кубаның қарым-қатынасы шиеленісіп, жобаның іске асуы мүмкін болмаған еді.

2014 жылдың желтоқсанында АҚШ президенті Барак Обама Кубамен дипломатиялық қарым-қатынасын, сондай-ақ саудадағы шектеулерді жеңілдетіп, қалпына келтіретіндігін мәлімдеген. Бұдан кейін жоба екіжақты қолдауға ие болды. Жазушының жесірі кітаптар, киімдер, тіпті спирттелген кесірткелер топтамасы орналасатын мұражай жасап шығу үшін үйді Куба билігіне беріп отыр.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377