Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4478 0 пікір 4 Желтоқсан, 2015 сағат 03:00

«ТАРИХИ ФОТОСУРЕТТЕР» ФОТОБАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Астанадағы Ұлттық музей Қазақ хандығының 550 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы сынды атаулы даталарға арнап «Тарихи фотосуреттер» атты республикалық фотобайқау жариялаған болатын. Сол байқаудың қорытындысы нәтижесінде шымкенттік фотограф Мақсат Шағырбаев Конституцияның 20 жылдығы  мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

 

– Біздің бейбіт заманда өмір сүріп жатқанымыз бірінші Алланың, екінші ата-бабаларымыз ат үстінде ұйықтамай, жауын жер жастандырып, қасық қаны қалғанша қорғағанының арқасы. Бізге құс ұшса қанаты талатын, ат шапса тұяғы талатын ұлан-ғайыр жерді аманат етті. Кезінде жауына найза ұстап шапқан батыр бабаларымыздың ұрпағы бүгін кең далада көк туын желбіретіп алға қарай шауып бара жатқанын фотосурет арқылы жеткізгім келді. Сондай-ақ, елімізде мекендеген түрлі ұлт өкілдерінің тату-тәтті бір шаңырақ астында ғұмыр кешіп жатқанын көрсеткен суретім де жүлде алып, қуанышқа кенелтіп отыр, – дейді Мақсат Шағырбаев.

Енді жеңімпаздар 2016 жылдың қаңтар айында арнайы марапатталып, Ұлттық музейде көрмесі ұйымдастырылады.

Естеріңізге сала кетейік, «Тарихи фотосуреттер» республикалық фотобайқауы төмендегі ереже бойынша өтті: 

Қазақ хандығының 550 жылдығы;

Жеңістің 70 жылдығы;

ҚР Конституциясының 20 жылдығы;

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы;              

Байқаудың шарттары

1. Байқауға кәсіби және әуесқой фотографтар қатыса алады, жасына шектеу қойылмайды.

2. jpg (jpeg) форматындағы түпнұсқа фотосуреттер қабылданады. Көлемі 300*1200-дан кем  болмауы керек.

3. Байқауға ақ-қара түсті суреттер де қабылданады.

4. Фотоколлаж, арнайы эффектілермен өңделген фотосуреттер қабылданбайды.

5. Байқауға сапасыз, талапқа сай келмейтін фотосуреттер қатыстырылмайды.

6. Байқауға қатысушы әрбір тақырып бойынша 3 фотосуреттен, барлығы 12 фотосурет жолдауы тиіс.

7. Фотосуреттер қатысушы жайлы толық ақпаратпен (аты-жөні, тұрғылықты жері, жұмыс орны, байланыс телефондары, фотосуреттің тақырыптық атауы, қайда, қашан түсірілгені туралы т.б) қоса электронды поштамызға жіберілуі тиіс.

8. Байқауға фотосуреттер жіберу арқылы қатысушы байқау ережесінде көрсетілген барлық талаптармен келісетіндігін растайды. Яғни, байқауға қатысушы өзі жайлы ақпараттардың және оның фотосуреттерінің жариялануына қарсы еместігін мақұлдайды. Қазақстан Республикасының Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңның талаптарын толықтай сақтайтынына кепілдік береді. Авторлық құқық мәселесіне байқауға қатысушы тарап жауапты.

8. Суреттер арнайы мамандардан жасақталған қазылар алқасымен іріктеліп алынады.

Байқауға қатысатын фотосуреттерді іріктеу шарттары

 

-        Байқау ережесінде көрсетілген барлық тақырыптардың қамтылуы;

 

-        Көркемдік шешімнің сонылығы, байқау тақырыптарын ерекше жеткізу;

 

-        Фотосуреттің сапалылығы: бейненің анықтығы, дәлдігі;

 

-        Фотосуреттерді әзірлеудегі кәсіби көркемдік талғам.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377