АМАНГЕЛДІ – «ЖЫЛДЫҢ ҚАЙЫРЫМДЫ АДАМЫ»
Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Амангелді Сопбеков «Жылдың қайырымды адамы» атанды.
Бұл марапаттың негізі мен маңызын оқырмандарымыздың есіне түсіре кетелік. «Бауыржан» қайырымдылық қорының бастамасымен меценаттық және қайырымдылық идеяларын насихаттау мақсатында «Алтын жүрек» ұлттық қоғамдық сыйлығы 2007 жылы тағайындалған болатын. Аталмыш сыйлық тапсырыла бастаған кезден бері 100-ден аса мектеп, 300 спорт және ойын алаңдары, 70 балалар бақшасы бой көтеріп, он мыңдай адамның өмірі құтқарылған. Меценаттар мен қайырымды азаматтардың еңбегі сарапталып, жыл сайын 11 номинация бойынша марапатталады.
Оңтүстік өңірінің абзал азаматы Амангелді Сопбеков «Бауыржан» қайырымдылық қорының қоғамдық және сарапшылық кеңесінің шешімімен, биыл 9 рет өткізіліп отырған «Алтын жүрек» сыйлығының «Жылдың қайырымды адамы» номинациясы бойынша марапатталып отыр. Бұл орайда сарапшылар А.Сопбековтың табиғи апатқа ұшыраған елді мекендерге берген көмегі үшін, ғаріп жандар мен жетімдерге, сондай-ақ, Сарыағаш ауданы еңбек ардагерлері мен тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсартуға қаржылай қолдау көрсеткені үшін марапатталғанын мәлімдеді.
Қайырымдылық - көмекті қажет етушілерге (адам және барлық жандыларға) білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады.
Қайырымдылық— адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар.
Бірі — рухани-экономикалық жағы (басқаның басына түскен ауыртпалықты қабылдау),
Екіншісі — іс-тәжірибелік жағы (іс жүзінде нақгы көмек беруге үмтылу).
Сондай-ақ, қайырымдылық этикалық және интеллектуалдық болып та бөлінеді. Этикалық қайырымдылыққа ұстамдылық, батылдық, жомарттық, әділдік жатады. Ал интеллектуалдық Қайырымдылыққа даналық, парасат, ақыл-ой тапқырлығы мен өткірлігі сезімталдық жатады. Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Біреуге жақсылық, жан-жануарларға, табиғатқа камқорлық жасау — қайырымдылықтың көрінісі. Рақымды, мейірімді, жан жылуы мол адамды қайырымды адам дейді. Ал ешкімге жаны ашымайтын, жүрегінің жылуы жоқ, қатыгез адамды қайырымсыз деп атайды. Қайырымдылықты - мүсіркеушілік және жарылқаушылық деп те түсінуге болады. Ол кейде кедейкепшік, жарлы-жақыбай жандарға көмектесумен, қайырсадақа берумен де корініс табады. Қазір біздің елімізде түрлі қайырымдылық қорлары ұйымдастырылған, қайырымдылық іс-шаралары өткізіліп тұрады.
Сондай іс-шаралардың бірі «Жылдың қайырымды адамы» номинациясы бойынша Оңтүстік өңірінің абзал азаматы Амангелді Сопбеков «Бауыржан» қайырымдылық қорының қоғамдық және сарапшылық кеңесінің шешімімен, биыл 9 рет өткізіліп отырған «Алтын жүрек» сыйлығының марапатына ие болып отыр.
Abai.kz