Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
46 - сөз 6248 0 пікір 3 Желтоқсан, 2015 сағат 13:37

ТЕРЕЩЕНКОНЫҢ «SCKATЫ» ТӨЗІМІМІЗДІ СЫНАЙ МА?

Сергей ТЕРЕЩЕНКО қожайыны болып табылатын «SCAT» әуе компаниясының  (аталмыш компиания 2007 ж. 2-шілдеде Шымкент қаласында тіркелген) тағы бір ұшағы апатты жағдайда Алматы әуе жайына қайтып келіп қонды.

Алматы әуежайынан 2015 жылдың 2-қарашасында таңғы сағат 11.30 да ұшып шыққан аталмыш компанияның 713-реисі Балқаш көліне жете бере ұшақтан шыққан апатқа байланысты Алматыға кері оралуға мәжбүр болған. Мынадай үрейлі жағдайды бастарынан кешкен ұшақта отырған жолаушылардың жәй-күйі туралы айтпай-ақ қояйын...

Бұл «SCAT» әуе компаниясында орын алған бірінші апатты жағдай емес. Ана жылы осы компанияның бір ұшағы Көкшетау жақта жерге құлап, апатқа ұшырағаны белгілі.

Жалпы әуе компаниясы ұшақтары жиі апатты жағдайға ұшырайтынын жолаушылар жақсы біледі.

Сонда деймін-ау, Сергей Терещенко мырза әр елде ешкімге керегі болмай қоқысқа тасталған ескі ұшақтарды Қазақстанға әкеліп, біздің жолаушылардың төзімін сынап көрмекші болғаны ма?

Басқаша, С.Терещонканың бұл қылығын қалай түсінуге болады?.

Жұмаш Көкбөрі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 988
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2532
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 692
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 663