Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 6367 0 пікір 3 Желтоқсан, 2015 сағат 13:05

ЕСІМОВ САПАРБАЕВҚА НЕ ҮШІН ШҮЙЛІКТІ?

Кеше, 2 желтоқсан күні Ақтөбе облысында  «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ мен  Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстары әкімдіктерінің арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Ұлттық компания басқармасының төрағасы ЭКСПО халықаралық көрмесін өткізудің тиімділігін сөз ете отырып, мысалы ретінде Миланда өткен көрмені атаған. Есімов мырзаның айтуынша, Миландағы көрмеге дайындық барысында және өткізу кезеңінде 295 мың жұмыс орны құрылып, тауарлар мен қызметтер экспорты 10 млрд еуроға ұлғайған-мыс.

Ал, облыс басшысы Бердібек Мәшбекұлы өз  баяндамасында облыста «ЭКСПО-2017» үшін дайындық жұмыстарының белсенді түрде жүргізіліп жатқанын мәлімдеген. Мысалы, Ақтөбе облысы энергетика министрлігіне ұлттық павильонға қою үшін 12 инновациялық жоба ұсыныпты.

Сонымен қатар, Ақтөбе облысынан 100 адам ЭКСПО-2017-нің еріктілер қозғалысына тартылмақшы екен. Қазірдің өзінде көрмелер үшін қажет 30 ерікті келесі жылы тағы 70 адамның дайындалуы жоспарланып отыр.

Осылайша дайындық барысын баяндаған Сапарабаевты Есімов мырза сөгіп тастаған. Ақтөбеге арнайы сапармен келген Ахметжан Смағұлұлы қаладан ЭКСПО-ға қатысты ешбір безендірулер көрмепті. Сол үшін де, үш бірдей облыс басшыларын Ақтөбеден жинаған Сапарбаев безендірулердің олқылығынан Есімовтің сынына ұшыраған.

Бұл туралы бүгін қазақстандық nur.kz сайты «Ахметжан Есімов қаланы ЭКСПО-ға қатысты дұрыс безендірмегені үшін Сапарбаевты сөкті» атты мақала жариялады.

Сапарбаев басқарып отырған облысықа сапарлап келген Есімов «қаладан ешқандай ЭКСПО-ға қатысты безендіру көрген жоқпын» деп, облыс басшысына өкпесін айтып, өзге әкімдердің алдында сөгіп тастаған.   

«Бердібек Мәшбекұлы – өте тәжірибелі басшы. Премьер-министрдің орынбасары болды. Мен ойлаймын, Ақтөбе облысында да басқа облыстар секілді бұл жұмыстар жанданады деп. Шындығын айтқанда, әзірге қаладан ешқандай ЭКСПО-ға қатысты безендіруді көрген жоқпын. Бірақ бұл жиыннан кейін айтқаным орындалады деп ойлаймын», – деді Есіміов.

Есімовтің ескертуінен кейін Ақтөбеде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ның мердігер компаниялары жергілікті тауар өндірушілермен жалпы құны 10 млрд теңге шамасындағы 8 тауар жеткізу туралы келісімшартқа және 3 ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл жұмыстар 2016 жылы жүзеге асырылады.

Түйін: Өзі әнші, өзі шаңғышы экс-әкім һәм қазіргі ЭКСПО басшысына  Сапарбаевтың қонақжайлылығы ұнамаса керек-ті. Алматыны басқарып жүргенде Есімов мырзаның біртүрлі сөздері БАҚ арасында хит болып еді.  Астанаға барып, ақыл тоқтатты ма десек, Ахметжан мырза, өткен жолы, Президенттің алдында баяндама жасағанына қарап, баяғы жартас, сол жартас екеніне көзіміз әбден жеткен еді. Бетәлпеті, адам шошырлықтай, ісіп кеткен (егер науқастынып жүрсе, кешірерсіздер), ЭКСПО деген әбден қажытып жіберсе керек, шаршаңқы келіп еді, Елбасының алдына. Сонда жаңадан салынып жатқан ғимаратты қалай атасаң, олай ата дегендей, «Нұр шары, Әлем нұры... көп қой атаулар» деп еді. Ал Елбасы болса, «Сен Нұр шары деп тұрсың. Мен "әлем шары" деймін. Мә, осы екеуінен бірдеңе құрастыр», деп бір жапырақ қағазды қолына ұстатып жіберіп еді.

Есімовтің ескертуі Сапарбаевқа сабақ болды ма екен? Дегенмен, Бердібек  Мәшбекұлы да бекер адам емес-ті. Ол Ақорда жақтан келген  Есімовтің алдында мұндай олқылыққа қалай жол беріп жүр. Таңым бар...

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373