Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 3690 0 пікір 1 Желтоқсан, 2015 сағат 03:00

ЖӘРМЕҢКЕДЕ 2015 ЖҰМЫС ОРЫНЫ ҰСЫНЫЛДЫ

Абай саябағындағы «Бейнелеу өнері» мұражайында халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті  деп хабарлайды «Шымкент келбеті» газеті. Жәрмеңкеге «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Өмірзақ Мелдеханов, қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова, қалалық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Бекназаров қатысып, жәрмеңке жұмысына сәттілік тіледі.

Елбасымыздың «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында және «Жұмыспен қамту-2020» Жол картасы бағдарламасында негізгі басымдықтардың бірі – жұмыспен тұрақты қамтуға жәрдемдесу шеңберінде қалада мұндай жәрмеңкелер жиі ұйымдастырылады.

Айтулы шараға өңірдің 201 кәсіпорын мен мекемелер қатысып, олар 2 015 бос жұмыс орындарын ұсынды. Биыл жұмыспен қамту мекемелері алдына ауқымды жоспарлар қойып отыр. Атап айтар болсақ, бағдарлама аясында 400 адамды әлеуметтік, 533 жас түлекті жастар практикасына, 148 азаматты қайта даярлау курсына оқытуға, 1520 азаматты қоғамдық жұмыс орындарына тарту жоспарлануда. Өңірдегі 9092 бос жұмыс орындарына 1338 жұмыссыз азаматтарды мемлекеттік және аймақтық бағдарлама шеңберінде жұмысқа алу жоспарланды.

Қуантарлығы, жыл басынан бері аталған бағдарлама аясында 14 997 азамат жұмыспен қамтылса, олардың  593-і әлеуметтік салаға, 1796-сы қоғамдық жұмыс орындарына, 148 азамат қайта даярлау курсына оқытуға жолданды. Шымкент қаласы бойынша 2015 жылдың жоспарына сәйкес 479 мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту межеленсе, қазіргі таңда оның 429-ы жұмыспен қамтылып отыр. Бір айтарлығы Оңтүстік Қазақстан облысында тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ететін жұмыс орындарының жәрмеңкесі тұрақты өтіп келеді. ОҚО-ның осы игілікті ісі өзге облыстарға да әбден үлгі болса керек-ті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3226
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282