Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 5582 0 пікір 1 Желтоқсан, 2015 сағат 03:00

ОҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ МАЛАЙЗИЯДА ТӘЖІРБИЕ АЛМАСТЫ

Малайзия мемлекетінің Мири қаласындағы RIAM технологиялық институтының шақыртуымен 2015 жылдың қараша айында «Оңтүстік СПК» маманы Ильяс Бабаев пен облыстық білім жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының Кәсіптік білім беру және кадрлар дайындау бөлімінің басшысы Рахия Асанова іс сапарда болып қайтты. Мұндағы мақсат тәжірибе алмасу және инвестициялық жобаларды тарту.

Сондай-ақ RIAM технологиялық институтының мұнай өндіру саласы бойынша афшорлық зонада жұмыс істейтін әлемдік дәрежедегі мамандарды даярлауда білім жүйесімен танысу. Яғни, аталмыш институтта,
-инженер-механик;
-автокөлік инженері;
-электр инженері;
-төтенше жағдайлар бойынша өрт сөндіруші және суда құтқарушы;
-автоматика және электрлендіру;
-кулинария;
-наубайшы (пекарня)
мамандықтары бойынша мамандар даярлайды.
RIAM технологиялық институтында Малайзиялық оқу бағдарламасымен қатар (оқу мерзімі 2 жыл 3 ай) қосымша Халықаралық стандарттарға кіріктірілген арнайы сертификаттарға ие Британдық 8 оқу бағдарламасы (оқу мерзімі 1,5 жыл) қоса оқытылады. Британдық бағдарламамен оқитын студенттердің білімін Британдық оқу орындарының өздері бағалайды, сертификатын береді және оны бітірушілердің 95 пайызы жоғары баға алады екен. Нәтижесінде Британдық бағдарламанмен бітірген арнайы сертификаты бар бітірушілер Англия, Америка және Европа елдеріне жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіншілігі бар немесе кез келген шетелдік компанияларда жұмыс істеуге кедергісіз қабылдана алады. Ал Малайзиялық бағдарламамен бітірушілер тек қана сол елде жұмысқа қабылданумен шектеледі екен. Аталған институт шетелдік ірі компаниялардың сұранысына сәйкес мамандар даярлайды. Бұл институтта оқу ақысы шамамен 7000 АҚШ доллар.
Сонымен қатар, төтенше жағдайлар бойынша өрт сөндірушілердің мұнай өнімдері сақталған цистерналарды өрттен қорғау оқу-жаттығу тренинг сабақтары мен суда құтқарушылардың тікұшақ суға құлаған жағдайда құтқару-жаттығу тренинг сабақтарына қатыстық.
Малайзия мемлекетінің білім жүйесі төмендегіше қалыптастырылған.
-мектепке дейінгі білім беру 3-6 жас;
-бастауыш білім беру 7-11 жас;
-жалпы орта білім беру 12-17 жас;
-орта арнаулы кәсіптік білім беру 17-19,5 жас. Мемлекетте жекеменшік және мемлекеттік білім ұйымдары жұмыс жасайды. Білім саласына ерекше көңіл бөлетіні көрініп тұр. Өйткені, аэропорт және т.б. қоғамдық орындарда оқу орындары туралы билбурттар ілінген.

2. Білім саласына инвестициялық жобаны тарту туралы.
RIAM технологиялық институтының құрылтайшысы ДаТО Хи Кинг Чионг Шымкент қаласында «Өңдеуші салада техникалық және қызмет көрсететін еңбек кадрларын даярлау және қайта даярлау бойынша 700 орынға арналған кәсіптік және аймақаралық орталық» (одан әрі-Орталық) құрылысы орнына салынатын құрылыс нысанының (әзірге жоспарлап отырған аты-Халықаралық техникалық колледж) жобасымен таныстырды. Орталықтың бекітілген құрылыс жобасына Инвестордың қаражаты есебінен салынуына байланысты архитекторлық көркем сәулетті ғимарат салу және халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында өзгерістер енгізілген. Құрылыстың жалпы алаңы 8 га жерді құрайды. Колледж 700 орындық оқу корпусы, 200 орындық жатақхана, оған қоса:
-практикалық сабақтар өтетін шеберхана ғимараты;
-теннис алаңы;
-болейбол алаңы;
-баскетбол алаңы;
-футбол алаңы;
— тікұшақ конатын алаң;
-өрт сөндіру және суда құтқарушы мамандарын даярлауда тренинг-тәжірибе сабақтарын өткізетін бассейн;
-автотұрақтар салу жоспарланған. Бұл колледжде жоғарыдағы аталған мамандықтарды дайындау жоспарланып отыр.
Инвестордың қаражаты есебінен салынатын құрылыс жобасының жалпы құны шамамен -12млн АҚШ долларын құрап отыр. Құрылысты салу мерзімін 2 жылға жоспарлап отыр. Облыстың білім саласына, соның ішінде мамандар даярлауға инвестициялық жобаны тартуға алдын-ала жоғарыдағы айтылған жұмыстар жүргізілгенін, ү.ж. 10-15 желтоқсан күндері аралығында RIAM технологиялық институтының құрылтайшысы ДаТО Хи Кинг Чионгтың арнайы іс сапары біздің облысқа жоспарланып отырғандығы және осы іс сапарында облыс әкіміне инвестициялық жобалар бойынша алдын-ала Келісім құжаттары ресімделу жоспарланып отырғандығын баяндаймын.
Осыған орай, Сіздің келісіміңізбен жоғарыда айтылғандар негізінде келесі жұмыстарды атқару қажеттілігі туындап отыр.
1.Іс сапар қорытындысы бойынша облыс әкіміне баяндау;
1.Шымкент қаласында «Өңдеуші салада техникалық және қызмет көрсететін еңбек кадрларын даярлау және қайта даярлау бойынша 700 орынға арналған кәсіптік және аймақаралық орталық» құрылысын аяқтау жұмыстарын инвестормен жүргізуге, сондай-ақ нысанды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің теңгеріміне өткізуге байланысты ҚР Білім және ғылым министрлігіне облыс әкімі атынан хат жолдауды және одан әрі министрліктің келісімі негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан тиісті құжаттарды ресімдеу мүмкіндігін қарастыру;
2.Инвестициялық жобалар бойынша Келісім құжатының жобасын дайындау.
Сонымен қатар, Малайзия мемлекетінің білім жүйесінің тәжірибесінен облыста мамандар даярлауда білім жүйесін жетілдіру үшін төмендегіні ұсынамын:
1. Мемлекет басшысының соңғы уақытта әлемдегі 130-дан астам аса ірі компанияларымен инвестициялық жобаларды Қазақстанға тарту бойынша жасалған Келісімдерінің ішінде біздің облысқа тартылатын инвестициялық жобаларға сәйкес мамандар даярлау үшін Халықаралық стандарттарға кіріктірілген арнайы сертификаттарға ие Британдық оқу бағдарламаларымен қосымша оқытуды облыста әзірге 2 колледж және 2 мектепке пилоттық жобамен енгізу қажет деп есептеймін.

http://bilim-uko.gov.kz


 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5299