Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 5045 0 пікір 25 Қараша, 2015 сағат 14:15

БИЗНЕС БАСТАУҒА ЕҢ ҚОЛАЙЛЫ АЙМАҚ

Оңтүстiк Қазақстан облысы кәсiпкерлiктi дамыту үшiн ең қауiпсiз аймақ болып табылды. Мұндағы бизнестi өркендетудiң қауiпсiздiк деңгейi 71,9 пайызды құрайды, – деп жазады Idea-Lab.kz сайты.

A.T.Kearney компаниясының әдiстемесi негiзiнде Idea-Lab.kz елдегi өңiрлердiң кәсiпкерлiкпен айналысу тәуекелiн есептедi. Бизнестi бастау үшiн қай аймақ қолайлы әрi қауiпсiз? Әрине, кәсiпкерлiк тәуекелi облыстардағы жалпы жағдайға байланысты екенi белгiлi. Сондықтан Idea-Lab.kz елдегi қауiпсiз аймақтар деңгейiн есептеу үшiн халықты несиелендiру көлемiн, жан басына шаққандағы табыс пен ЖӨӨ (жалпы өңiрлiк өнiм), сондай-ақ, экономикалық белсендi халықтың үлесi және қылмыстың өршуi мен азаю көрсеткiштерiне назар аударған.

Нәтижесiнде, қылмыстың тез өршуi бойынша 52,7 пайызбен Астана қаласы алға шықса, Қостанай облысы 13,4 пайыздық көрсеткiшпен ең бейбiтшiл өңiрлердiң бiрiне айналды. Қостанайда қылмыстың өсу деңгейiнiң төмен болуына байланысты бизнестi бастау үшiн ең қауiпсiз аймақтардың тiзiмiнде аталған облыс алтыншы орынға (63,1%) шықты. Ал, Астана қаласы 54,9% көрсеткiшпен 11-орынға тұрақтады.

Алматы қаласының кәсiпкерлiк үшiн ыңғайлылығы 63,1 пайызды көрсеттi. Ондағы дефолт көрсеткiшiнiң жоғары болуына байланысты Алматы бесiншi орында. Анықталғандай, қала тұрғындарына төлей алатын табысынан 4 есе көп мөлшерде несие берiлген.

Халқының 1,3 миллион тұрғыны кәсiптен нәсiп тауып отырған Оңтүстiк Қазақстан облысының тұрғындары ең экономикалық белсендi аймақ болып танылған. Өңiрдегi орташа көрсеткiштi дефолт пен қылмыстың салыстырмалы төмен деңгейiне және кәсiпкерлiкпен айналысатын халық санының көлемiнiң арқасында ОҚО бизнестi бастауға қолайлы өңiрлердiң тiзiмiнде бiрiншi орынға шықты.

Айта өтейiк, есеп ҚР Статистика агенттiгiнiң 2013 – 2014 жылдардағы мәлiметiнiң негiзiнде жасалған.

ОҚО әкiмiнiң баспасөз қызметi

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3226
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282