Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 5647 0 пікір 25 Қараша, 2015 сағат 12:22

KAZ және ҚАЗОВ


АҚШ-тың Хьюстонында ауыр атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатын қалт жібермей көріп жатырмыз. Айтпақшы, алғашқы алтын құтты болсын, ағайын!
Диванның үстінде отырғаныңмен ой дегеніңіз дүниені кезіп жүреді... Менің назарымды аударған нәрсенің бірі – зілтеміршілеріміздің киімі болды. Көрген көзде жазық жоқ... Мысалы, кеше 77 кило салмақта өнер көрсеткен Айдар Қазов деген бауырымыз киіп шыққан спорттық киімдегі «KAZ» деген жазуды, сонан соң, неге екені белгісіз,мемлекеттік гербіміздің жылжып барып оң жаққа ауысқанын байқадық. Негізінде, қатып қалған тәртібі болмаса да, Елтаңба дегеніңіздің сол жақта – жүректің тұсында тұруы керек емес пе? Енді аяңдап «KAZ» деген жазуға келейік. Әдетте, әлем біздің «Қазақстан» атауының қысқартып алғандағы нұсқасын «KZ» деген әріптер арқылы танып жүр ғой. Дені дұрыс болмаса да – осыған көз үйренді. Енді келіп жұрт «KAZ» дегені несі тағы, әлде Қазовтың фамилиясын қысқартып, кеудесіне жазып алғандағы креативі ме деп ойлап қалған жоқ па екен..? Қалай дегенмен, ойланатын нәрсе. Мемлекеттің атауымен және Елтаңбасымен ойнауға болмайды. Төрткүл дүние көз тігіп отыр!

Қайрат Абдолла

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3219
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5273