Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5368 0 пікір 20 Қараша, 2015 сағат 13:07

ЕЛБАСЫ МЕН АРЫСТАНБЕК

ЕЛБАСЫ:
Күні кеше Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өттік қой...

АРЫСТАНБЕК:
(iшiнен) О, Алла, маған сөйлемесе екен...

ЕЛБАСЫ:
Арыстанбек, айтыңдаршы..

АРЫСТАНБЕК:
(iшiнен) Айттым ғой, маған конец... Кино бiттi ме деп сұраса, қай бетiмдi айтам?

ЕЛБАСЫ:
550 жылдың ішінде, қазақ дәл осылай бір күн өмір сүрді ме?

АРЫСТАНБЕК:
Енді, Нұрсұлтан Әбішұлы, шынын айтқанда бақытты кезде өмір сүріп жатырмыз ғой.

ЕЛБАСЫ:
Сен...

АРЫСТАНБЕК:
(iшiнен) Ойбай-ай, құрыдым-ау, деймiн... Ендi "тошны" зоопаркке жiбередi, менi...

ЕЛБАСЫ:
Сұрағыма жауап берсеңші?

АРЫСТАНБЕК:
Тәуелсіздіктің арқасында, сіздің арқаңызда...

ЕЛБАСЫ:
(iшiнен не ойлағаны белгiciз)

АРЫСТАНБЕК:
(iшiнен) Сіздің арқаңызда "қой үстiнде "нұрторғай" жұмыртқалаған заман туды" деп айтпаппын ғой, блин...

ЕСКЕРТУ:
Арыстан көкенiң "iштегi ойлары" ауыл шопырының сандырағынан туды. Ол кici жиналыстарда нұрлы ойларға ғана шомылуы мүмкiн.

Серік Абас-Шах

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5391