Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4255 0 пікір 19 Қараша, 2015 сағат 10:41

РЕСЕЙ БАТЫСТАН АСАДТЫҢ БИЛІКТЕ ҚАЛУЫН ТАЛАП ЕТЕДІ

Егер Батыс "Ислам мемлекеті" террористік ұйымына қарсы халықаралық коалиция құрамыз десе, Ресей Батыстан Сирия президенті Башар Асадтың кетуі жөніндегі талабынан бас тартуға талпынады. Осылай деп Ресейдің сыртқы істер министріСергей Лавров мәлімдеді.

Министрдің сөзінше, террорға қарсы күресте бірігу үшін қандай да бір шарт қою мүмкін емес. Лавровтың пайымдауынша, Париждегі терактіден соң, Египетте болған ұшақ апатынан кейін Батыс позициясында өзгерістер болып жатыр. Бұл оқиғалар Еуропа мен АҚШ-тың санасына енді әсер етті дейді Ресей дипломаты.

Бірақ АҚШ пен оның одақтастары өтпелі кезеңде немесе одан кейін Асадтың отставкаға кетуін талап етуді жалғастырып жатыр. Ал Ресей болса, Асадтың кету-кетпеуін тек оның халқы шешеді деп есептейді.

Алдын сейсенбі күні Пентагонның баспасөз-хатшысы Питер Кук Ресейдің Башар Асадты қолдауы тиімсіз деп мәлімдеді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1260
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2792
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 911
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 858