Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4890 0 пікір 18 Қараша, 2015 сағат 09:11

КӨККЕ ҰШЫП КЕТКІМ КЕЛЕДІ, КӨКБАЙРАҒЫМА ОРАНЫП...

Тəуелсіз елмін, тəуба етем,
Осылай деді дəу көкем.
Түсінер Алаш баласы,
Түсімде ғана əндетем.

Далада қазақ мəңгіріп,
Қалада қазақ қаңғырып.
Өзімнен өзім опынам,
Отымның басын шаң қылып.

Айшылық жерден жол алып,
Үнімнен дала оянып.
Аттандап ұран салсам ба,
Алаштан таңдап қол алып?!

Арыстан жүрек түмен ем,
Тірлігім аңыз, түнерем.
Алыстан келер жауым жоқ,
Намыстан күнде мың өлем.

Үйсіз де өзім, күйсіз де,
Тілсіз де өзім, дінсіз де.
Көзімді сатып күн көрем,
Көкқағаз деген шіркінге.

Тəңірден тілсім ой алып,
Мəңгілік нұрға боялып.
Көкке ұшып кеткім келеді,
Көкбайрағыма оранып.

Талапбек Тынысбек

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434